Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шоу бизнестегі жұлдыздар келіндік міндеттерін қалай атқарып жүр (фото, видео)

Қазақстандық шоу бизнесте өзінің “әмбебаптығымен”  қайран қалдыратын қыз-келіншектер көп. Олар өнермен қатар, үй шаруасын да, өзінің жеке бизнесін де алып жүреді. Ең бастысы, ата-енесі мен жолдасының көңілін таба біледі.

13712541_1402381253106897_1991069501_n

“Бәріміз келіннің “аяғымен” дүниеге ендік. Сонда келін деген кім? Келін деген келген кісі. Қа­зақ солай бола тұра келінді қонақ де­мей­ді. Керісінше, қыз баланы қонақ деу дәстүрі қалып­­тасқан. Келін қонақ емес, ол отбасы­ңыз­ға енген бақ, береке. Келін дүниеге ұрпақ әкелуші, демек, ол отбасының ырысы мен өрісі. Бұл деген керемет мағына. “Қыз өссе елдің көркі”, деген мәтел  осындай мәнге орай ай­тылса керек. Келін тастай батып, судай сіңу ниетінде бөгде үйдің есігін аш­қалы отыр, онысы ерлік…” деп жазады “Егемен Қазақстан” газетіне философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла Есім.

Келін болу – әрбір арудың маңдайына жазған бақыты мен бағы. Ол – зор еңбекті талап ететін мәртебе. Десе де бұл міндетті мінсіз атқару көп қыз-келіншектердің қолынан келе бермейді. Себебі, заман талабына сай бірі мансапты отбасынан артық көрсе, енді бірі келін болуды барған үйді бағындырумен шатастырады. Ал шоу бизнесте жүрген қыз-келіншектердің жөні бір басқа. Осыған орай, Stan.kz назарларыңызға өнер мен келіндік міндетін қатар алып жүрген танымал жұлдыздар туралы ақпаратты ұсынады.

image

Фото: instagram.com/ainur_ilyasova/?hl=ru

3

2

Айнұр Ілиясова

Актриса жуырда ғана келін атанды. Ол өз міндетін 5 деген бағаға атқарып жүр десек те болады. Бірнеше күн бұрын инстаграм парақшасы арқылы ішек-қарын аршып отырған сәттегі суретін бөлісті. Айнұр әлеуметтік желіде аса белсенділік танытпайтындықтан, әдетте жазбаларына пікір аз жазылады. Ал бұл жолғы суреті желі қолданушыларын бей-жай қалдырмады. Желі қолданушылары өз кезектерінде 150-ге жуық пікір жазды. Көпшілік қолына резіңке қолғап киіп, ішек-қарын тазалап отырған Айнұр Ілиясованы танымай қалған екен.

Жазира Байырбекова

Естеріңізде болса, жуырда Жазира ханым кілемді қолымен жуып жұртты таң қалдырған болатын. Себебі, тыңдармандары қымбат көлік мініп, екі қабатты зәулім үйде тұратын жұлдыздан мұндайды күтпеген-ді. Әнші әрдайым қайын жұртына барғанда ақ орамалын тағып, ізеттілік танытады. Жолдасы да үнемі “Сен менің анама ұқсауың керек” деп айтып отырады екен. Алайда Жазираның өзі енесіне қарағанда, мінезінің тым жұмсақ екенін айтады.

5

Фото: instagram.com/aidyn_nury/?hl=ru

4

Айнұр Тұрсынбаева

Ол – желі қолданушыларын ғана емес, жан-жақтылығымен әріптестерін тамсандыратын жан. Домбыраның құлағында ойнап, өлең шығарады. Келген қонағының асты-үстіне түсіп, оларға ұлттық тағамдар ұсынады. Бұдан өзге Айнұр Тұрсынбаева өзінің инстаграм парақшасында тағамдардың дайындалу рецепті мен сұлулыққа қатысты пайдалы кеңестерін, ғибратты әңгімелер мен діни уағыздарын бөлісіп отырады. Жазылған пікірлерді де назардан тыс қалдырмай жауап береді. Ең бастысы, отбасы мүшелері мен жолдасының көңілін тауып, басынан ақ орамалын тастамайды.

13437437_188528961545400_360339761_n

Фото: instagram.com/arapbayevamarzhan/

13392777_465957326945322_1238838191_n

6

Маржан Арапбаева

Әнші ара-тұра жолдасымен бірге түскен суреттерін бөліссе де, жеке өміріне қатысты ақпаратты құпия ұстайды. Әрі инстаграм парақшасы арқылы әрдайым жолдасының көңілін табуға тырысатындығын байқатады. Қолы қалт етсе түрлі ас әзірлеп, үлкен қызын еңбекқорлыққа баулиды. Естеріңізде болса, жуырда ол фирмалық пиццасының рецептін бөліскен болатын. Әнші осы секілді тағамдардың рецептін кейде өзі ойлап табатындығын жасырмайды. Мұнымен қатар, Маржан Арапбаева аз уақыт ішінде асүй ыдыстарын жақсылап таңдауды үйренгендігін айтады.

34

Фото: instagram.com/moldir.mt/

37

31

36

Мөлдір Қабатова

Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желіде белсенділік таныта бермейді. Мұны өзі концерттерінің бірінде де айтқан болатын. Есесіне келіншегі Мөлдір ханым инстаграм арқылы күн сайын отбасылық жаңалықтарын бөлісіп отырады. Қоғам өміріне бей-жай қарамай, отбасы, бала тәрбиесі, ене мен келін сынды тақырыптар қозғалатын бағдарламалардан жиі бой көрсетеді. Мереке-мейрам сайын ақ орамалын тағып, дәмді ас әзірлеуге асығады.

12

Фото: instagram.com/karakat_a/?hl=ru

11

13

0000-1

Қарақат Әбілдина

Әнші өзге әріптестерінен салмақты да, инабатты мінезімен ерекшеленеді. Ол бүгінде жолдасына төрт ұл сыйлап отыр. Оларды мешіттегі имандылық сабақтарына алып барады. Қалаған уақыттарында олардың сүйікті астарын әзірлеп береді. Өзі келін болып түскелі енесін көрмеген екен. Десе де, ауылдастары оның мінезін енесіне ұқсататын көрінеді. “Ата-енемді көрмесем де, елдегі ағайын-туыс, жекжат-жұраттың жарыса айтқан әңгімелері мені үлкен әсерге бөледі. Бірі “қайын ененің топырағынан”, сен енеңе ұқсайсың десе, көбісі ол кісінің көркем, салмақты мінезін, аппақ, әдемі, өте ажарлы жақсы адам болғанын айтып жатты. Әруақтары бір аунап қалған болар. Бүгін елде болып бақилық болған ата-бабамыздың рухына құран бағыштап, оларды есімізге алған күн болды”,  – дейді Қарақат Әбілдина.

14

Фото: instagram.com/dinara_sultan1/

Динара Сұлтан

Әнші әлі күнге дейін жолдасы туралы ақпаратты жасырып келеді. Жолдасының ұлты да белгісіз. Десе де, әнші қыздарын қазақ тілінде сөйлеуге үйретіп келеді. Бұдан өзге Динара инстаграм парақшасы арқылы бала тәрбиесі мен үй шаруасына толықтай үлгеріп жүргендігін байқатады. Ең бастысы, өзіне ерекше күтім жасап, спортпен тұрақты түрде шұғылданады.

18

Фото: instagram.com/aidanamedenova/?hl=ru

16

12063042_214428908920946_1574993961_n

Айдана Меденова

Баян Есентаева бұл аруды тәтті балға теңеген болатын. Әнші, расымен де, осы күнге дейін бірде-бір рет оғаш қылығын көрсеткен емес. Үнемі көтеріңкі көңіл-күймен жүреді. Әмина есімді тұңғышының тәрбиесімен айналысуда. Бос уақытында өзінің жеке салонында жұмыс істейді. Арасында жаңа ән жазып, тыңдармандарына тосын сый әзірлейді. Ең бастысы, келіндік міндетін атқарып, отбасы мүшелерін дәмді тағамдарымен қуантып отырады.

13413199_260098081019610_880973043_n

Фото: websta.me/n/aisha_vee

image

Айша

Бүркіттің өзі тамсана мақтайтын Айшаның жібектей мінезіне жұрт та қызығады. Әнші өзінің бар уақытын үй шаруасы мен бала тәрбиесіне арнайды екен. Мұнымен қатар, ол еркек пен әйелдің қарым-қатынасына қатысты түрлі кітаптарды жиі оқиды екен. Әрі осы оқыған кітаптарынан түйгенін инстаграм парақшасы арқылы бөлісіп отырады. Айша сұхбаттарының бірінде Бүркітпен көңіл қосқалы ермінезділікті қойып, кез келген шешімді жолдасымен ақылдаса отырып қабылдауды үйренгендігін айтқан болатын.

24

Фото: instagram.com/saltanat_bakaeva/?hl=ru

22

25

26

Салтанат Бақаева

Ол ән айтады, киелі театр сахнасында басты рөлдерді сомдайды, арасында фильмдерге де түсіп үлгереді. Ең бастысы, үйіндегі ата-енесі мен бүлдіршіндерінің көңілін тауып үлгереді. Актриса келін болып түскен кезде мүлдем тамақ әзірлеуді білмеген екен. Екінші анасының арқасында бүгінде түрлі ас әзірлеп, отбасын қуантып жүр.

13712541_1402381253106897_1991069501_n

Фото: instagram.com/akerke_tazhibayeva/

8

7

Ақерке Тәжібаева

Қобызшы қыз биыл жаңа үйдің босағасын аттады. Ол Stan.kz порталына берген сұхбатында келіндік міндетін ойдағыдай атқарып жүргендігін, аз уақыт ішінде қайын жұртына сіңісіп үлгергенін айтқан болатын. Тіпті, жолдасының өтінішімен жұмыстан шығып, өзін дәстүрлі өнерге арнауға уәде еткен-ді. “Өмірді сенің көмегіңе мұқтаж болып, іздеген жандардың санымен немесе өмірлік серік ретінде таңдаған жанмен өрнектейтін болсаң қателескен екенсің. Өмір санға толы есеп емес. Өмірді бағалы киіммен, соңғы шаш үлгісімен, терісінің түсімен, ата-тегімен байланыстыратындар бар. Сосын тәлім алып жатқан оқу орындарымен, қызмет орнын өмір деп түсінетіндер бар. Өмірді жалғыздық немесе көпшіліктің ортасы деп ұғатындар да бар. Бірақ өмір дегеніміз бұл емес! Өмір дегенің дос-жаранға қамқор болу, санаңды торлаған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білуің. Қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу. Уәделі сөздеріңе берік болуың. Кісінің сыртқы емес, ішкі болмысына үңіліп қадірлеу. Ең бастысы, өзгеге жақсылық тілеуші бола білу”, – дейді Ақерке.

10

Фото: іnstagram.com/asha_matai/?hl=ru

аша

9

Аша Матай

Былтыр күзде Аша Матай мен Арман Қоңырбаев шаңырақ көтерген еді. Қос ғашық дүркіретіп той жасап, қуанышын барша достарымен бөлісті. Енді міне тележүргізуші жуырда қыз бала босанғалы отыр. Аша аяғы ауыр болса да, үй шаруасына етене араласып, қонақ күтіп жүр. Ол сұхбаттарының бірінде ақ саусақ еместігін, тамақты дәмді әзірлейтінін айтқан болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Күйеуін ит секілді қарғыбаумен сүйреп жүрген келіншек көрген жұртты таң қалдырды (фото)

Ерік Тәстембеков: Келінімнің қай ұлттан екені маңызды емес

Үлгілі келін атанудың басты ережелері

Ұзатуда әжейді итеріп жіберген Беделханның келіншегі жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Жұрт Сейфуллин Жолбарыстың жап-жас келіншегіне қызығып қалды (фото)

Талқылау