Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық шенеуніктерге мерекеде бір-бірінен сыйлық алмау ұсынылды

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министр Талғат Донақов мемлекеттік қызметкерлерді бір-бірінен туған күн кештерінде сыйлық алмауға шақырды.

ыммвс

Сурет xn--h1aeioci

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Есеп беру жиынында министр мемлекеттік қызметкерлерге осындай өтінішін жеткізді.

“Тәжірибеде бізде туған күнінде немесе зейнетке шыққан кезде ұжымынан сыйлық алатын мемлекеттік қызметкерлерге қатысты сауал туындайды. Мұндай кезде не істеу керек? Қызметтік этика деген болады, заң бар. Мейлінше бағынушы қызметкерлердің басшыға сыйлық сыйламағаны дұрыс”, – деді Донақов.

Миинстр мұндай әрекеттің қызметтік этиканы бұзу болып табылатынын ескертті. Сондай-ақ, ол мұндай әрекеттер құқық қорғау органдарының заңнамасына да сай келмейді деп атап өтті.

Талқылау