Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық шенеуніктер әлемдік танымал бренд өкілдерінен пара алған

Әлемдік деңгейдегі компания өзіне тиімді келісім-шарттарға қол жеткізу үшін еліміздің бірқатар энергетикалық кәсіпорындардың басшыларына ауызбастырық үлестіріпті. Бұл туралы КТК хабарлап отыр.

logotip-kompanii-rolls-royce

Фото:365Cars

Ұлыбританиялық көлік құрастыру холдингінің былығын сол елдің ірі алаяқтық әрекеттермен күрес қызметі ашқан. Яғни, «Роллс Ройс» делдалдар арқылы 6 бірдей елдің энергетикалық компанияларының басшыларына 35 миллион доллардан астам пара берген. Олардың қатарында Қазақстан да бар.

Бірақ нақты қандай компаниялар екені құжатта айтылмаған. Осы қылмысты ашуға АҚШ Әділет министрлігі мен Бразилия федералдық прокуратурасы да атсалысқан екен. Ағылшын алпауыты енді үш елдің құқық қорғау органдарына 810 миллион доллардан астам айыппұл төлейтін болды.

Оқи отырыңыз:

Депутаттар зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алуды ұсынды

Биыл қазақстандық автокөліктер қымбаттайды

Қазақстанда ипотека бағасы ғажайыптағыдай 5 пайызға дейін арзандамақ

Алматылықтар қаңтардан бастап зейнетақы қорындағы ақшаның жоғалып кеткенін байқаған

Талқылау