Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық шекарашы Әділбек Рахметов суға батқан бүлдіршінді құтқарып қалған

18 мыр күні шекара қызметінің жетекшілігіне 5-сынып оқушысы Мәди Ерқанаттың анасы хабарласып, ұлын құтқарғаны үшін алғысын айтты.

20160519121455

Сурет: www.inform.kz 

Өзінің ерлігі жайында ротаның радиотелефонисі, 2036 әскери бөлімінің ефрейторы Әділбек Рахметов бұл ерлігін әрбір азамат атқаруға тиіс әрекет деп танып, ешкімге айтпаған.

Оқиға 7 мамыр күні болған. Ол БҚО-да суға батқан бүлдіршінді құтқарып қалған.

Шекарашы Жәнібек ауылында жасанды тоғанға батып бара жатқан баланың даусын естіген. Ол жерде екі ұл бала мен 5 қыз бала ойнап жүрген. Жағалауға жүгіріп келген Әділбек суға батып бара жатқан баланың тек қолын ғана көрген. Сол сәтте суға өзі де ұмтылып, баланы жағалауға шығарған.

БҚО ІІД төтенше жағдайлар қызметі мәлімдегендей, мұндай тоғандар адам өмірі үшін өте қауіпті. Олар плитамен жасалғандықтан, жағалаудан бастап суы терең болады.

Талқылау