Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еркебұлан Сейдахмет әлемдегі ең талантты футболшылардың кітабына енді

Қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет Sideline Scouted порталы ұсынған әлемдегі ең талантты футболшылардың қатарына қосылды.

Сейдахметтен бөлек бұл кітапқа Килиан Мбаппе (ПСЖ), Матео Ковачевич («Реал»), Антони Марсьяль («Манчестер Юнайтед»), Джанлуиджи Доннарума («Милан»), Юлиан Вайгль және Кристиан Пулишич («Боруссия», Дортмунд), Александр Головин (ЦСКА, Мәскеу), Александр Арнольд («Ливерпуль») және басқа футболшылар енген. Sideline Scouted жобасында 114 ойыншыны туралы мәлімет бар, деп жазады vesti.kz.

Кітапта Сейдахметтің сұхбаты шыққан. Отандасымызды авторлар «Қазақстандық Месси» деп таныстырыпты.

Еске салайық, 18 жастағы Сейдахмет «Уфа» клубымен ұзақ мерзімдік келісімшарт жасаған болатын. Ресейлік клуб сапында ол өзінің бірінші кездесуін «Анжиге» қарсы (3:2) кездесуде өткізіп, командасының барлық голдарына атсалысты. Ал наурыз айында Сейдахмет Қазақстан құрамасы сапындағы бірінші кездесуін өткізді. Ол Венгрияға қарсы (3:2) кездесуде ұлттық құрама сапындағы бірінші голын соқты. Осылайша ол ұлттық құрама сапында гол соққан ең жас футболшы атанды.

Тағы оқыңыз:

Қазақстан Ресеймен бірге азалы: барлық қалада қайтыс болған балаларды еске алу акциясы өтті (фото,видео)

Әдейі өртеген: Кемероводағы өрте байланысты ұсталғандар сотта жауап берді

Ақтаулықтар Кемеровода қаза тапқандардың тағзым етіп, құран бағыштады

Талқылау