Қазақстандық сержант қызметтік демалыс алу үшін “әкем қайтыс болды” деп өтірік айтқан

Талдықорғанда әскери қызметте болған сержант уақытша қызметтік демалыс алу үшін әкесінің қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат берген. Осыған байланысты, Талдықорған соты он күндік демалысты заңсыз алған әскери қызметшіге қатысты үкім шығарды.

Қазақстандық сержант қызметтік демалыс алу үшін "әкем қайтыс болды" деп, өтірік айтқан

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық сержант мамыр айының басында әскери қызметтен уақытша босауды қалап, демалмақшы болған. Содан ол әкесінің қайтыс болғаны туралы мәлімдеме жасап, отбасылық себептер бойынша он күндік демалыс алған. Алайда, тексеру кезінде әскери қызметкердің әкесінің аман-есендігі, оның жағдайының жақсы екендігі анықталды.

Бір айдан соң Талдықорған гарнизонының әскери сотында бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, ер адам алдау арқылы әскери қызметтен бас тартты деп айыпталуда.

Сот әскери қызметкерді кінәлі тауып, оған жаза ретінде 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды, бұл 120 мыңнан астам теңгені құрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар