Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық саясаттанушылар 2019 жылы мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтеді деп болжауда

Көптеген саясаткерлер Қазақстанда жаңа жылда мерзімінен бұрын президенттік сайлау болуы мүмкін деп болжайды. Олар елде президенттік сайлау өтетіні жайлы жаңа жыл мерекесінен кейін бірден хабарлануы мүмкін деп санайды.

Қазақстандық саясаттанушылар 2019 жылы мерзімінен бұрын президенттік сайлау болады деп болжауда

Бұл туралы 31-арнаға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Шынында да, бұл күнде мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұрақ  сарапшылар қауымдастығының арасында, соның ішінде Астанада да белсенді талқылануда. Көптеген саясаткерлер 2019 жылы қазақстандықтар президентті жаңа мерзімге сайлайды деп сенеді. Ал елбасының халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге үлкен көңіл бөлінген соңғы бастамалары бұған сенімділік береді. Мұнда, кем дегенде коммуналдық тарифтердің құнын төмендету туралы үкімін алсақ та болады. Сондай-ақ, сарапшылар Орталық сайлау комитетінің қабырғаларында дау-жанжалдар да туындау мүмкін екенін айтады.

«Егер сайлау процесі ресми түрде іске қосылмаса, ол жақсылап пысықталып жатыр. Орталық сайлау комиссиясы да жүйелі түрде жиналады. Сондай-ақ, сайлау комиссиясы құрамының жаңартылғанын көріп отырмыз. Ал бірқатар жоғары лауазымды тұлғалардың жақын арадағы демалысы кейінге қалдырылды. Сонымен қатар, біз Президенттің жоғары белсенділігін көріп отырмыз»,- дейді саясаттанушы Данияр Әшімбаев.

Саясаттанушылар бұл тақырыпты тыныш талқылау аясында, мерзімінен бұрын сайлау өткізу қажеттілігі туралы шулы бастама болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл идея дәстүрлі түрде парламентшілер, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» немесе қоғам қайраткерлері тарапынан ұсынылуы мүмкін. Егер себептері туралы айтатын болсақ, бұл биліктің әлемдік нарықтағы тұрақсыздықтың көрінісінде алға шығуы болуы мүмкін. Тағы бір себебі – бұл жүйенің заңдылығын растау және Орталық Азия аймағындағы мәселелер аясында елдегі саяси тұрақтылықты көрсету.

«Мұнда Астанадағыларды, талдамалық қоғамдастықтағылар мен сыртқы ойыншыларды және инвесторларды қазіргі Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын өткізілетін сайлауға қатысады ма деген басты және негізгі сұрақ қызықтырып отыр. Бұл негізгі және басты қызығушылық және ол әлі белгісіз»,- дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев.

Әрине, қазіргі президентпен кімнің бәсекелесе алатыны бәрін қызықтырады. Қазіргі уақытта әлеуетті кандидаттар бар ма? Мұны ешкім білмейді. Сонымен қатар, ОСК сайлаудың жаңа кезеңі туралы ақпаратты ресми түрде растамады. Ал қолданыстағы Конституцияға сәйкес, Қазақстан президенті 5 жылдық мерзімге сайланады. Яғни, келесі жоспарлы сайлау 2020 жылдың көктемінде өтуі керек. Бірақ, бұл айтарлықтай шартты мерзім. Себебі, біз президентті екі рет мерзімінен бұрын сайладық. Бұл соңғы рет 2015 жылдың көктемінде болды. Сондықтан 2019 жыл саяси түрде белсенді болуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау