Қазақстандық сарапшы Нұрлан Байділдә халықаралық саяси жанжалдың ортасында қалды

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі қазақстандық сарапшы үлкен халықаралық саяси жандалдың ортасында қалды.

Қазақстандық сарапшы Нұрлан Байділдә халықаралық саяси жанжалдың ортасында қалды

Bloomberg мәліметінше, бизнесменнің қорында венесуеллалық саясаткер Николас Мадуроның миллион доллар ақшасы сақталған. Бұрынғы көшбасшы ақшаны ұрлаған деп айыпталды.

Елдегі әлі президент болып тұрған Николас Мадуро мемлекеттен ұрланған қаражатты қор басшысы Нұрлан Байділдәнің есепшотына сақтаған. Бұл ақша тергеу кезінде анықталған.

АҚШ пен Дональд Трамптың көмегімен Венесуэлла билігі Мадуроның есепшотын барлық әлем бойынша құлыптап тастады.

Нұрлан Байділдәнің өзі телефон хабарламасына жауап бермейді. Ал, желіде асығыс пікір жазбауға шақырды.

“Bloomberg жазылған мәлімет сіздер секілді мені де таңғалдырды. Мұнда маған күйе жаққысы келетіндердің ойы бар секілді. Ақылға қонбайтын мәліметтер жазылған. Асығыстық танытып қате пікір жазбаңыздар”, – деп жазды ол.

Ал, СІМ бұған қатысты ресми пікір білдірген жоқ. Сондықтан істің ақ-қарасынашып айту қиын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр