Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық рэпер Ресейде «Жыл жаңалығы» аталымына ие болды

Скриптонит атымен танымал қазақстандық рэпер Әділ Жәлелов GQ журналының версиясы бойынша «Жыл жаңалығы» аталымын жеңіп алды.

skriptonit2

«Скриптонит лақап атын алған Қазақстан азаматы Әділ Жәлелов «Қалыпты құбылыстар үйі» («Дом с нормальными явлениями») альбомын жарыққа шығарып, бізге орысша рэптің қалай орындалу керектігін көрсетті»,- делінген басылым сайтында.

Журнал сайтында 2014 жылы қазақстандық рэпердің желіге VBVVCTND бейнебаянын жүктеп (мағынасы «Нұсқасыз таңдау – бізге не берсең, соны қабылдаймыз»),  соның арқасында тез арада екі ұсынысқа ие болғандығы айтылған. Алғашқысы – «Союз» студиясынан келіп түссе, екіншісі «Газгольдер» лейблінің басшысы Василий «Баста» Вакуленкодан. Әділдің айтуынша, ол Бастамен жеңіл тіл табысқан.

Марапаттау рәсімінде жария болған дауыс беру нәтижесі бойынша биыл «Жыл адамы» аталымын Сергей Шнуров жеңіп алды. Одан бөлек, «Ленинград» тобының көшбасшысы «Жыл музыканты» деп танылды.

«Жыл режиссері» Кирилл Серебренников болса, «Жыл продюсері» аталымы үшке бөлінді. Бұл аталымды Никита Михалков, Леонид Верещагин және Антон Златопольский өзара бөлісті. Ал «Жыл әйелі» аталымын актриса («Мастерская Петра Фоменко») әрі Instagram жұлдызы Ирина Горбачева жеңіп алған.

Жіберіп алмаңыз: 

Қазақстандық Әділ Жәлелов Ресейде «Жыл рэпері» атанды

Жан Ахмадиев жұртты шулатқан видео жайлы айтып берді

Ақтөбелік рэпер Бердібек Сапарбаевқа ән арнады (видео)

 

Талқылау