Қазақстандық прокурорлар жас қыздардың биге қатысуы педофилияны өршітуі мүмкін екенін айтты

Жұма, 4 Наурыз , 2016 8:08

 

Оралдық бишілерге енді прокурорлар кедергі келтіруі мүмкін. Олар әдепсіз билер педофилдердің құмарлығын оятуы ықтимал деп есептейді. Соңғы кездері аймақта дәл осындай оқиғалар көбейіп кеткен. Сынға тверк, booty dance, басқа да заманауи билер ілінген. Бұл би педагогтарын таңғалдырды деп хабарлайды КТК телеарнасы.

45454545

Сурет dancer21.ru

Прокуратураға би үйретушілерді шақыртқан. Батыс Қазақстан облысында 2010 жылы жас қыздарға 12 жыныстық мәндегі зорлық жасалса, ал бес жылдан соң бұл сан 52-ге өскен. Прокуратура дәл осы жағдаймен күресіп жатқан кезде, жергілікті хореографиялық студиялар бүлдіру әрекеттерін жасап жатыр деп санайды. Прокуорлар кейбір билер қылмыскерлерді одан сайын кішкентай балғындарға зорлық жасауға итермелеуі мүмкін дейді.

“Балалар сахнаға көпшіліктің алдына шыққан кезде, онда жиналған адамдардың барлығы оларға әдепті образда қарамауы мүмкін. Биді орындау кезіндегі баланың сырт келбеті әркез тартымды бола түседі”, – дейді БҚО прокуратура басқармасының басшысы Алмагүл Исмағұлова.

Ресейде де адамның желіктіру мен құмарлығына жол ашатын осындай би студиялары жабылған. Оны жас қыздар жалаңаш денемен билейтіндіктен де бұл қылмыс қауіптілігін арттыруы ғажап емес.

“Бұл жерде олар билеп еңбек етеді. Оларда жыныстық жетілу әлі ерте. Бұрын 2-3 жасында бізде жаттыққан қыздардың өзі қазір би мектептерін ашып алған”, – дейді хорегораф Оксана Гузь.

Олеся Синельникова 10 жылдан бері биден тәлім беріп келеді. Ол халықаралық кәсібилер лигасында шығыс билеріне қатысты қатаң ережелер сақталған және әртүрлі жасқа сай киетін киімдер мен рұқсат етілген қимылдар бар дейді.

“Мысалға латын америкалық билерді келтіруге болады. Онда балалар бір-бірін аймалап, құшып жатады. Әрі мұны мейлінше шынайы шығаруы тиіс. Әркімнің өз пікірі бар”, – дейді шығыс биін үйретуші Олеся Синельникова.

“Бұл баланың денсаулығы үшін өте қолайлы. Әрі қыз да табиғи бола түсіп ұяңдықтан арылады. Мысалы, менің қызым биге қатысқалы бері ұялмайтын, еті тірі болып келеді”, – деп пікір айтты ата-ана Екатерина Хачатурян.

Прокуратурада өз дегендерінен қайтпай отыр. Олар енді барлық хореографтармен профилактикалық кеңесулер жүргізеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар