Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық палуан Бакуде «Голден Гран-при» жеңімпазы атанды

Қазақстандық палуан Алмат Кебісбаев Бакуде «Голден Гран-при» жеңімпазы атанды

  Бакуде күрестен «Алтын Гран-при» финалы өтті, – деп хабарлайды Sports.kz. Финалда қазақстандық Алмат Кебісбаев 59 келіге дейінгі салмақта Өзбекстандық Елмұрат Тасмұрадовты 8:0 есебімен жеңді.

Бұған дейін қазақстандық белорус Сослана Дауровты, түрік Елданиз Азизлиді және Солтүстік Кореядан келген Юн Вон Чоны жарыс жолынан шығарған еді.

Қазақстандық палуан Нұрмазан Тіналиев 130 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль алды. Азия-2015 чемпионы финалда әзірбайжан спортшысы Сабазу Сариатиге 3:5 есебімен есе жіберді. Финалға таласта ол белорус спортшысы Иосеб Чугашвилиді, ресейлік Виталий Ильницкийді және қытай Кьянг Менганы жеңді.

 

 

Талқылау