Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық омбудсмен Томирис Байсафаның өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстандық омбудсмен Асқар Шәкіров Мәскеуде көз жұмған Томирис Байсафаның өліміне қатысты тергеу ісінің әділ жүргізілуіне қолғабыс етсін деген ниетпен ресейлік әріптесінен көмек сұрады.

Томирис Байсафа

Бұл туралы Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі уәкілінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Асқар Шәкіров Ресей Федерациясының омбудсмені Татьяна Москальковадан көмек сұрады.
Қазақстандық омбудсмен ресейлік әріптесін 2018 жылдың сәуір айында құпия жағдайда көз жұмған Томирис Байсафаның ісіне қатысты қолынан келгенше тергеудің әділ жүргізілуіне көмектесуге шақырған.

Қазақстан мен Ресейде үлкен резонанс тудырған оқиғаны Мәскеудегі Батыс әкімшілік округінің, Бас тергеу басқармасы тергеуге алған.

“Сондай-ақ, Томирис Байсафаның ата-анасы келтірген мәліметтер омбудсменнің мазасын қашырды. Олардың айтуынша, тергеу барысында процессуалды бұзушылықтар орын алған және тергеу барысы бойынша ақпарат беруден бас тартқан. Бұл жағдай болған трагедияның жай-жапсарын анықтауға кедергі келтіреді. Сондай-ақ, қаза болған қыздың отбасы қажетті сараптамаларды жүргізу үшін тергеу органдарының уақытылы жұмыс істемегенін алға тартты”, – делінген ұйым хабарламасында.

Сондай-ақ, тергеу ісінде бір ғана адамның сөзі негізге алынғаны Томиристің ата-анасын алаңдатып отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау