Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық олигархтардың Лондондағы үйлеріне саяхат ұйымдастырылмақ

Енді қазақстандық олигархтардың Лондондағы зәулім үйлеріне саяхат жасалады. Шетелдік туристерге біздің азаматтардың британ астанасында өздеріне қалай жағдай жасап алғаны көрсетілмек деп хабарлайды КТК телеарнасы.

42

Сурет informburo.kz

Мұндағы барлық зәулім сарайлар заңсыз жолмен салынып, иелікке өткен. Нақты иелерінің кім екенін анықтау өте қиын. Бір белгілісі, мұнда қазақстандық байлармен қатар орыс, украин олигархтары да жылжымайтын мүліктерге ие.

Арнайы мәлімет бойынша, қазіргі уақытта шетелдік азаматтар ел астанасында 36 342 ғимаратты иеленіп алған. Зәулім үйлерге сахатты жасау барысында гид рөлін заңсыз капиталдармен күрес туралы жазып жүрген журналистер атқармақ. Осы арқылы БАҚ өкілдері билік назарын елде болып жатқан заңсыздықтарға аударуға ниетті.

Талқылау