Қазақстандық оқушылар ерекше видео түсіріп, ұстаздарды мерекелерімен құттықтады (видео)
Қазақстандық оқушылар ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ерекше видео түсірді.
Фото: kapital.kz
Бейнежазба “iloveshymkent” жалпыға қолжетімді топтың парақшасында орналастырылды. Ол болжаммен білім мекемесінің ауласында түсірілген.
Қазақ-түрік лицейінің бірыңғай формасына киінген ондаған оқушы: “Аяулы, ұстазым, мерекеңіз құтты болсын!”, – деп құттықтап, “Біз сізді жақсы көреміз!” деген сөзді сапқа тұру арқылы жазып көрсетеді.
Желі пайдаланушылары оқушылардың креативті құттықтауына оң бағаларын беріп, ризашылықтарын білдіруде.
Талқылау