Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушы жазда АҚШ-тағы NASA-ға қарасты астраномия мектебінде оқу грантын ұтып алды

Алматылық Дінмұхаммед Майлыбаев NASA-ға қарасты жазғы мектепте оқуға мүмкіндік беретін конкурста жеңіске жетті. Енді ол демалысында Марсты зерттейтін болады.

оқушы

Бұл туралы Stan.kz  сайты Қазақстан жаңалықтарына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазақстан Жағрафия қоғамының баспасөз қызметі 10-сынып оқушысы NASA-ға қарасты мектепте тәжірибе жүргізу үшін АҚШ-қа аттанатын болды, деп хабарлады.

Берілген мәлімет бойынша 16 жасар Дінмұхаммед Майлыбай Алматыдағы физика-математика пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептердің бірінде білім алып жүр. Ол бұған дейін ел ішіндегі, халықаралық бірнеше жарыстардың жеңімпазы атанған. Оқушы 10 жасынан бастап астраномияны тереңдете оқып келеді екен. Өз бектебінде атрономияға қызығатындарға арнап клуб та ашыпты.

ДінмұхаммедАҚШ-та астронавт болып жұмыс істейтін маманның сынағынан сүрінбей өткен. Оқушылар конкурсында 23 елдің тек 55 оқушысы ғана жолдамаға ие болған.

«Мен ең білікті мамандар қызмет ететін астрономиялық мектепте тәжірибеден өтеріме өте қуаныштымын. Менің отбасым United Space School мектебіне ақысын төлеп оқытатын жағдайда емес. Ол жерде алған білімімді өз мектебімде ашқан клуб мүшелерімен бөлісетін боламын»,-дейді Дінмұхаммед.

Талқылау