Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушы қыз шахматтан Азияның 5 дүркін чемпионы атанды

Шри-Ланканың Вакадува қаласында оқушылар арасында шахматтан Азия чемпионаты өтті. Әлем біріншілігінде қызылордалық Әсел Серікбай жеңіске жетіп, чемпион атанды, деп хабарлайды облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Әсел Серікбай

№1 Қызылорда облысының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің оқушысы Әсел Серікбай 17 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид бойынша жарысқа түсті. Нәтижесінде ол 7 кезеңнен 6 ұпай жинап, жеңіске жетті.

Осылайша, отандасымыз 17 мемлекеттен 400 спортшы қатысқан Азия біріншілігінде 5 мәрте жеңіске жетті.

Айта кетсек, Әсел Серікбай – ҚР спорт шебері. Сонымен қатар ол шахматтан ФИДЕ шебері атағын алған. Шахматшы Қазақстанның 12 дүркін, Азияның 5 дүркін чемпионы атанған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау