Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Казақстандық Нұрболат Базарбаев Украинадағы X-Factor байқауына қатысты (видео)

Алматылық пианист Алматы Нұрболат Базарбаев украиналық X-Factor шоуына қатысты.

Screenshot_1

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Кастинг кезінде рояльдің сүйемелдеуімен Hallelujah әнін орындаған әншіге көрермендер тұрып қол соққан. Бағдарлама жүргізушісі Оксана Марченко да эмоциясын жасырмастан, біздің әншінің өнерін жоғары бағалаған.

«Сахна мен үшін есірткі секілді. Сахнада ән айтып, адамдарға қуаныш, бақыт сыйлағым келеді. Басқаша өмір сүре алмаймын», – дейді Нұрболат.

Қатысушының өнерін алғаш болып Quest Pistols тобының экс-мүшесі Антон Савлепов бағалаған.

“Бұл шебер орындалған ән нұсқаларының бірі, тыңдай бергің келеді екен. Құдды өлер алдында айтатын сөз секілді. Драматизмге толы. Мен саған «Иә» деймін!» – деді ол.

Есесіне Андрей Данилконың Нұрболатқа көңілі толмады.

“Антонның пікірімен келіспеймін. Бұл әнді Руфустың орындауына дейін де тыңдағанмын. Бұрын ұнатпаушы едім. Руфустың орындауынан кейін ұната бастадым. Алайда сіз орындағаннан кейін қайта тыңдағым келмей қалды. Әркез не туралы ән салып тұрғаныңызды ойлауыңыз керек. Алты адам рояльді көтеріп шықты, олардың еңбегіне обал. Мен сізге «Жоқ» деймін» – деді «Верка Сердючка» атымен танылған Данилко.

Қалған екі тәлімгер Юлия Санина мен Константин Меладзе отандасымызды келесі айналымға өткізуді жөн көрген.

«Бойыңыздағы жасқаншақтықтан, сенімсіздіктен, ұяңдықтан арылмасаңыз, әрі қарай өткен қатысушыларға қарсылас бола алмайсыз. Бұл жер сайыс алаңы. Өзіңізді жинақтап, тырысады деп үміттенемін», – деп атап өтті Меладзе.

Құрманғазы атындағы консерватория түлегі Нұрболат Базарбаев 2014 жылы “Хочу к Меладзе” шоуына қатысқан. Қазылар алқасы Нұрболаттың өнеріне оң бағасын бергенімен, Константин Меладзе жерлесімізге теріс жауабын берген.

Жіберіп алмаңыз:

Жәнел Садуақас «Новая волна» байқауында үшінші орынды ұтты (Видео)

“Сарын” тобы «Жаңа толқын» байқауында Доминик Джокермен ән айтты (видео)

Қытайдан келген ару «Қазақ дауысы» халықаралық ән байқауының жеңімпазы атанды

Мәскеуде өткен ән байқауында Ару Әуезова үшінші орын алды (видео)

Талқылау