Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мұғалімдер оқушыларының әлеуметтік желілерде қандай парақшаларды қарайтыны жөнінде есеп беруге міндеттелді

Теміртаулық оқушылардың ата-аналары мұғалімдерге баласының id-кодын беру туралы хабарлама алған. Бұл оқушылардың күмәнді сайттарды қарамауын бақылау үшін қажет екен.

Қазақстандық мұғалімдер оқушыларының әлеуметтік желілерде қандай парақшаларды қарайтыны жөнінде есеп беруге міндеттелді

Бұл туралы BNews.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Теміртауда мектеп оқушыларының ата-аналарына келген хабарламада олардың құжатқа қол қойып, сынып жетекшісі мен мектеп әкімшілігіне баланың әлеуметтік желілелерін бақылауына келісім беру туралы жазылған. Ол үшін ата-аналар мұғалімге баласының id-кодын беруі тиіс. Ал мұғалімдер ай сайын оқушылардың әлеуметтік желілерде қандай парақшаларды қарайтыны және қандай топтарға жазылғаны туралы білім беру бөліміне есеп беруі қажет. Теміртаудағы білім беру бөлімінің басқарушысы аталған бұйрықты мектептерге таратқан.

Қазақстандық мұғалімдер оқушыларының әлеуметтік желілерде қандай парақшаларды қарайтыны жөнінде есеп беруге міндеттелді

Ал Теміртау тұрғыны Кирилл Сивашов 11 жастағы қызын әлдекімнің бақылауға алғанына және оның қатарластарына жазған хаттарының оқылғанына қарсы екенін айтты.

«Бізде толеранттық тәртіп бар емес пе? Әке ретінде, мен наразымын. Менің баламды бақылауға алудың қажеті жоқ. Оны өзім де жасап, өзім де ашра қабылдай аламын. Егер күмәнді дүниені байқасам, өзім қолға аламын. Үшінші тараптың құлағдар болғаны қажет емес. Бұл біздің жеке өміріміз. Біз отбасымызда өз мәселелерімізді өзіміз шешеміз», – дейді Кирилл Сивашов.

Сонымен қатар ол бөтен адамдарға қызын бақылауға рұқсат бермейтінін және оның әмбебап кодын ешкімге бере алмайтынын кесіп айтты.

Ал Теміртаудағы білім беру бөліміндегілер оқушыларды бақылау қызметін ұсынатын фирмамен келісіп қойғандарын мәлімдеді. Ал мұндай қызмет бағасы 1 миллион 200 мың теңге тұрады екен.

«Бақылау туралы бұйрық өткен аптада шыққан. Әлеуметтік желілерді бақылау туралы келісім жасалды. Фриманың атауы – «ЦИОР Интегро». Бұл сала бойынша әлеуметтік жұмыстар жөніндегі әдіскер жауапты. Ата-аналардан балалардың id-коды алынады. Және оқушылардың жеке мәліметтері жарияланбайды», – дейді Теміртау қаласындағы Білім беру бөлімінің басқарушысының орынбасары Айгүл Жұмабаева.

Сонымен қатар мұғалімдер ата-аналардың мұндай шараға қарсы екенінен құлағдар болып шықты. Алайда балалардың Интернеттегі өмірін бақылау оқушыларды қорғау үшін жасалып жатқанын алға тартуда.

«Бұл балаларды қорғау үшін, оларды зиянды сайттардан қорғау үшін жасалады. Балалардың біз келісім жасасқан фирма бақылайтын болады. Мамандар оқушыларды бақылап, олардың қауіпті, діни экстремизм немесе суицид насихатталатын сайттарды қарағаны туралы бізге хабарлама жіберіп отырады», – дейді Айгүл Жұмабаева.

Сонымен қатар ол тек оқушылардың әлеуметтік желілерде қандай парақшаларды қарағаны ғана бақыланатынын, жеке хаттардың оқылмайтынын айтты.

Ал көптеген ата-ана балаларын бақылау туралы ұсыныстан бас тартатындарын кесіп айтып, мұны баланың құқығын бұзу деп санайтындарын білдірді.

Оқи отырыңыз:

Өскеменде әйел өзінен жыныстық қатынасқа түсуін талап еткен күйеуін өлтіріп тастады

Шымкентте мешітке намаз оқу үшін емес, ұрлық жасау үшін баратын 5 азамат ұсталды

Қайын атасы пышақтап өлтірген келіншек бүгін жер қойнына тапсырылды

Бір үйде он өзбек: Алматыда келімсек ұстайтын байлар салықшылармен төбелесуге дейін барды

Талқылау