Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық модель Maxim журналы үшін ашық фотосессияға түсті

Қазақстандық модель Қорлан Мәди Maxim ерлер журналының мексикалық нұсқасы үшін ашық фотосессияға түсті.

954319

Бұл туралы ru.sputniknews.kz хабарлайды.

“Қорлан Мәди, қазақ ханшайымы”, – деп жазылған материал тақырыбында. Авторлардың жазуынша, Қорлан Мәдидің суретін көргеннен кейін Қазақстанға барғысы келетін оқырмандар саны артқан.

55555

“Қазақстанды картадан іздегеннен гөрі, бұл керемет суреттерді тамашалауға шақырамыз”, – деп жазады журнал.

Қорлан Мәди қазіргі таңда Қазақстан атыннан шыққан табысты арулардың бірегейі. Ол жарнамалық кампаниялар мен танымал Fendi, Bvlgari, Trussardi және Marni брендтерінің көрсетілімдеріне қатысып жүр. Соңғы бірнеше жыл қыз Италияда тұрмыс кешуде.

Талқылау