Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық миллиардер Өзбекстанды гүлдендіруге бар қаржысын салып, жұмыс істеп жатыр

Өзбекстан билігіне Шавкат Мирзияев келгелі бері тарихи отанымен түрлі кәсіптер ашушы, қайырымдылықпен айналысушы өзбек миллиардерлері көбейді. Қазақстанда ресми миллиардер деп танылған кәсіпкер Фаттох Шодиев Өзбекстанда өз қорын құруды көздеп отыр.

eadebf8ded54f98bfdd6ca6aa5b342a7

Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.

Әділет министрлігі Шодиевтің Халықаралық қорының Өзбекстандағы бөлімін тіркеді. Министрлік сайтындағы мәліметке қарағанда, қор бөлімі Өзбекстан аумағындағы балалар үйлеріне гуманитарлық және денсаулық жағынан көмек береді.

Дереккөз мәліметі бойынша, Фаттох Шодиев Өзбекстандағы кәсібін Мирзияев билік басынан келгеннен кейін бастаған. Биыл ақпанда өзбек басшысы барып көрген Ташкент металлургия зауыты Шодиевке тиесілі.

Өзбекстан үкіметі мақұлдаған Tashkent City жобасын да Шодиев жүргізеді, деп хабарлады дереккөз. Бұл жобаның құны – 1 миллиард доллар.

“Қазір Фаттох Шодиев Ташкентте жүр. Өзбекстанның бүкіл байлары соның қасынан шықпайды. Ол Ташкент орталығында 20 қабатты екі сауда орталығын салуды көздеп отыр”, – деді дереккөз.

2017 жылы Шодиев Forbes журналының байлар тізімінде 1161-орын алды. Оның байлығы – 1 миллиард 840 миллион доллар.

Оқи отырыңыз:

Ердоған барша мұсылмандарды Мьянмадағы шиеленісті шешуге шақырды

Қырғызстанда 13 жастағы қызды зорламақ болған 66 жастағы ер адам ұсталды

Ташкентте палау басудан әлемдік рекорд орнатылды

Ленинге пародия жасаған Галкин коммунистердің жаппай наразылығын туғызды (видео)

Талқылау