Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық мектеп оқушысы Австрияда әлеуметтік ролик үшін 2000 еуро ұтты

Өскемен қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Айбек Түгелбаев халықаралық анимациялық фильмдер мен роликтер байқауында бірінші орынды иеленді.

Айбекккк

Жеңімпаз Австрияда 1 маусымда марапатталады.

НЗМ хабарлағандай, видероликпен жұмыс ШҚО білім басқармасынан «Feeling Good – Feeling Bad» халықаралық анимациялық фильмдер мен видеороликтер байқауы туралы ақпарат туралы хат келгеннен кейін бірден басталған.

«Пікір» мектеп телехабарының авторы және режиссері Айбек Түгелбаев өмірмен біте қайнасқан видеоролик жасамаққа бел буды.

«Қазір көптеген ересек адамдар ұялы байланыс мүмкіндіктерін пайдаланады, сөйлеседі, хат жазысады, интернеттен ақпарат іздейді, табады. Олар балаларының жанында болса да, балалар өз бетімен қараусыз қалады. Көбінесе баланы ренжітіп жүргенін де байқай бермейді», – деді 16 жастағы автор.

Басты кейіпкерлерді Айнұр Әубәкірова мен география мұғалімі Есбол Сансызбай, балалар – Рәйлә, Батырхан, Данияр орындады.

Енді жеңімпаз атанғандығы жөніндегі құттықтаумен қоса Айбек Венада 1 маусымда өтетін марапаттау рәсіміне қатысады. Хатқа сәйкес 2000 € жүлдені Австрия федералдық отбасы және жастар министрі Софи Кармазин табыс етеді, деп хабарлады НЗМ.

Талқылау