Қазақстандық Марат Ахмет Түркияның жоғары ғылыми марапатына ие болды

Сенбі, 5 Желтоқсан , 2015 10:48

Түркияның ғылыми-техникалық зерттеулер кеңесі (TÜBİTAK) ғалымдарды жоғары наградалармен марапаттады. Олардың арасында Қазақстан азаматы Марат Ахмет те бар, ол 1998 жылдан бері Түркияда ғылыми қызметпен айналысады.

Бұл туралы Түркиядағы ҚР Елшілігі хабарлады

20151205063809

М.Ахмет – математикалық теориялар жаңашылы ретінде Түркияда және шетелдерде танымал ірі ғалым, математика ғылымдарының докторы, профессор.

Анкарада TÜBİTAK марапаттарын тапсыру Түркия Президентінің сарайы «Ақсарайда» өтті. Ғылыми награданы математика ғылымдарының профессоры М.Ахметке Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның өзі тапсырды.

«Біздің отандастарымыздың Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де өздерінің ғылыми қызметтерінің жоғары нәтижелерін көрсетуі сүйінішті. Мұндай мысалдар Қазақстанның ғылыми әлеуеті зор екенін көрсетеді», – деп атап өтті Түркиядағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев.

М.Ахмет – Қазақстанда математикалық білім алған ғалым, Түркияға келгеннен кейін де өзінің ғылыми қызметін жалғастыра отырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Ғалым Түркияның ғылыми-техникалық зерттеулер кеңесіне Түркияның жоғарғы ғылыми марапатына ұсынғаны үшін ризашылығын білдірді.

М.Ахмет бұл сыйлыққа математикадағы ғылыми ашылымдары, атап айтқанда дифференциальдық теңдеулер теориясы үшін ие болды. М.Ахметтің ғылыми зерттеулері Түркияда ғана емес, бірқатар еуропалық елдерде пайдаланылуда. Оның еңбектері Түркияда, Еуропада және АҚШ-та ағылшын тілінде басылып шықты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар