Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қызды сүйіп қалған нигериялық Ақтау әуежайында тұрып жатыр

Ақтау әуежайында екі аптадан бері Милли есімді нигериялық азамат өмір сүруде. Оның құжаттарын рәсімдеп, отанына оралғысы келмейді.

1471270533

Бұл туралы Лада хабарлайды.

Нигерия азаматы Қазақстанға туристік виза арқылы келген. Осылайша Милли қауіпті елден қашып құтылғысы келіпті.

«Мен елімнен баяғыда кеткім келетін. Нигерия қауіпті саяси аймақ. Онда үнемі теракті болады. Соның салдарынан 7 жыл бұрын ата-анам көз жұмды», – дейді ол.

Киім дизайнері Миллидің арманы Қазақстанға келіп, осында жұмыс істеу болған. Кіші қарындасын елінде көршісіне табыстап кетке керек. Алайда, ол Қазақстанға келіп есепке тұрмаған. Визасының мерзімі 3 тамызды аяқталған екен.

Ол билет алып Стамбұлға жол тартқан. Алайда, оның визасының мерзімі өткенін байқаған шекара қызметкерлері оны Қазақстанға кері қайтарған.

«Мен Алматыда жүргенді бір қызды көріп, оны ұнатып қалдым. Біз бір-бірімізді жақсы көреміз», – дейді Милли.

Енді ол қазір Ақтаудың әуежайында тұрып жатыр. Еліне оралуға қол қоюдан бас тартқан азамат жақында сот алдында жауап беруі  мүмкін.

Милли Қазақстандағы шетел азаматтарына қатысты ережені бұзғаны үшін оған босқын дәрежесі берілмейді. Алайда ол өзін осы еле қалдырады деп үміттенеді. Оның қазір жағдайы жасалған. Әуежайды баспанасына айналдырған шетелдік азамат мемлекет есебінен тамақтанып, дәретхана мен жуынатын орынды тегін пайдалануда.

Қазақ қызына деген махаббат африкалық жігітті қазақша сөйлетті (видео)

Нигериялыққа тұрмысқа шыққан қостанайлық бойжеткен Африкаға көшіп кетті

Қазақ қызы мен қара нәсілді жігіттің үйлену тойы жұртты ашуландырды (видео)

Талқылау