Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қыз мүгедек адамға күйеуге шығу үшін Ресейге көшіп барды (фото)

Қалай ойлайсыз, өмір бойы арбаға таңылған мүгедек адамның қандай да бір қызға үйленуге мүмкіндігі бар ма? Бұл сұрақты Владивостокта тұратын Григорий Прутовқа қояр болсаңыз, “иә!” деген жарқын жауапты естуші едіңіз.

91475027d64bdfd50fb236ab4bef2b3d

Бұл туралы marketium.ru хабарлайды.

Григорий интернет арқылы танысқан қызға үйленді. Бұл таңғаларлық оқиға. Қыз да жігіттің әлеуметтік желідегі жазбасын оқып, оны қалай бар сол күйінде жақсы көреді.

Григорий әу баста сап-сау бала болып туды. Бірақ, бала мектепке барар кезде ата-анасы оның денсаулығында кінәрат бар екенін сезеді. Дәрігерлер оған “жұлын бұлшық етінің семіп қалуы” деген диагноз қояды. Олар баланың сауығып кететініне үміт жоқ және жағдайы жыл сайын төмендей береді деп айтады.

eta-krasavitsa-vlyubilas-v-parnya-prochitav-ego-post-v-internete-sejchas-oni-muzh-zhena-nesmotrya-na-chto-invalid_49038d7dc92ca37b0989c40cefa92fcd

Ол бірер жылдан соң мүгедек болып қалды. Оған тәулік бойы туыстарының көмегі қажет болды. Ал дәрігерлер болса баланың небәрі 4-5 жыл өмірі ғана қалды деп пайымдаған.

Бірақ, бала өмір бойы арбаға таңылатынына қарамастан өмірге ересек көзбен қарай бастайды. Ол өзге адамдармен араласу үшін компьютерді пайдалануды да үйренеді.

Бірде ол мұңды жазба жазып, оны мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған сайтта жариялайды. Онда: “Мен өмірді оның барлық сұлулығымен тани алмаймын. Менде ешқашан болмайтын дүниелер туралы ойлау өте ауыр…Мен өзенде немесе мұхитта жүзе алмаймын. Мен шөп үстінде жүгіре алмаймын. Мен өзім жақсы көретін адамдарға қамқор бола алмаймын. Мен оларды бақытты ете алмаймын

Мен сүйікті болу дегеннің не екенін ешқашан білмеймін. Біреудің сені қызғануын немесе сенімен мақтануын да түсіне, сезіне алмаймын. Мен ешқашан сүйіктіңді құшақтау, қорғау, онымен бірге билеу, оған гүл сыйлаудың не екенін сезіне алмаймын” деп жазылған.

eta-krasavitsa-vlyubilas-v-parnya-prochitav-ego-post-v-internete-sejchas-oni-muzh-zhena-nesmotrya-na-chto-invalid_4620ca5cd953a5763171032d41e083cd

Григорийдің жазбасын сайтқа кездейсоқ тап болған қазақстандық Анна есімді қыз оқып қалады. Ол мына сөздері жүрегін тербегенін айтып жігітке хат жазбақшы болады. Аннаның суретін көріп Григорий оны бірден ұнатып қалған. Ол ұзақ ойлана келе ақырында қандай адам екенін көрсетіп, Аннаға өзінің суретін жібереді.

Сол сәттен бастап онымен сөйлесуді тоқтатудың орынына Анна 3000 шақырымды басып өтіп, Григорийді көру үшін келген. Танысқандарына көп болмай жатып, бұл жұп шаңырақ көтереді.

eta-krasavitsa-vlyubilas-v-parnya-prochitav-ego-post-v-internete-sejchas-oni-muzh-zhena-nesmotrya-na-chto-invalid_46be25561e48059b2051e400b2f33b7b

Бұл оқиға көптеген адамдардың жүрегін тербеп, шын махаббаттың барына сендіре түсетіндей.

Оқи отырыңыз:

Толық жігіт Роналдудың суреттеріне пародия жасады (фото)

Үш жасар қыз танымал адамдардың образдарын айнытпай қайталап шықты (фото)

Бірнеше жыл бойы маньяктардың құлдығында болған қыздардың тағдыры (фото)

Тәттіден түбегейлі бас тартқан 70 жастағы әйел керемет дене бітімімен таңғалдырды (фото)

Талқылау