Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда қаза тапқан қазақстандық қыздың өлімінің мән-жайы белгілі болды

Қазақстандық студент қыз Қытайда досының үйінде 14 қабаттан құлап қаза тапты, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеп Sputnik Қазақстан.

Дипломатиялық ведомствоның мәліметіне сүйенсек, оқиға 1 желтоқсанда болыпты. Он сегіз жастағы студент қыз құрбысымен бірге пәкістандық досының үйінде қонақта болады. Бойжеткен 14-қабаттағы пәтер терезесінен құлап қаза тапқан.

“Оқиғадан кейін бірден тергеу ісі басталған. Пәкістанның екі азаматы қамауға алынды. Біреуі әлі түрмеде отыр, ал екіншісі елден кетпеу туралы қолхат беріп босатылған. Қазір тергеу әлі жүріп жатыр. Басқа мәлімет берілген жоқ”, — деп хабарлады Жайнақов.

Қаза тапқан қыздың құрбысы да Қазақстан азаматы екен, екеуі Сучжоу қаласындағы университетте оқиды.

“Шанхайдағы бас консулдығымыздың дипломаттары оқиғаны ести сала, туған-туыстарымен хабарласып, болған жайтты жеткізді. Бойжеткеннің мәйітін Қазақстанға жеткізу үшін көмектесті. Қазақстандық дипломаттар мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр. Қыздың туыстарына жергілікті адвокат жалданды. Ата-анасы тергеудің аяқталуын күтуде”, — дейді Жайнақов.

Марқұмның мәйіті Қазақстанға 25 желтоқсанда жеткізілді.

Оқи отырыңыз:

Танымал самбошы Ақтөбе облыстық спорт басқармасының басқарушысын жекпе-жекке шақырды

Қуат Хамитов ерсі әрекеті үшін Төреғалиді қалай жазалайтынын айтты

Сәкен Майғазиев: Әйелім 7 жылдан бері намаз оқиды

Атышулы Байзақова отандық топтың бейнебаянына түсті (видео)

Діни басқарма мәлімдемесі: Балиғат жасына толған мұсылман қызына орамал тағу – міндет

Талқылау