Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қыз қол күрестен әлем чемпионы атанды

Ақмола облысының спортшысы Зарина Канафина қол күрестен әлем чемпионы атанды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеп.

Қазақстандық қыз қол күрестен әлем чемпионы атанды

Спортшылар арасындағы жарыс Ресейдің Тула қаласында өтуде. Бұл сайыста Қазақстан, Ресей, Беларусь, Грузия, Армения, Румыния, Әзірбайжан, Чехия, Германия және басқа елдерді қоса алғанда әлемнің 37 елінен 300 үздік спортшы өнер көрсетуде.

Жарыс жас санаты бойынша 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатыр. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында 47 салмақ санатында 21 жасқа дейінгі спортшылар сынға түсті.

Аталған спорт түрі бойынша әлем чемпионы атанған отандасымыз Зарина Канафина Ақмола облысының мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі болып табылады. Ол 65 келі салмақ санатында өнер көрсетті. Зарина Ресейдің және Иран елінінің спортшыларымен бақ сынасты. Екі қарсыласын да тізе бүктірген Канафина осылайша алтын медальді жеңіп алды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау