Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қыз Болгариядағы сұлулық байқауында бас жүлдені ұтып алды

Болгарияда Prince&Princess of the World халықаралық сұлулық фестивалі өтті. Оған әлемнің 15 елінен 55 жасөспірім қатысты.

20170706100418

Қазақстан атынан байқауға ақтаулық Аянат Дәулеталина қатысты. Ол байқаудың гран-приін ұтып алды, деп хабарлады Лада.kz Prince&Princess of the World  фестивалі биыл Болгарияда алтыншы рет ұйымдастырылды.

«Біз фестивальға ұзақ дайындалдық, әрине, күллі елдің атынан шыққан соң қатты қобалжыдық. Кей елдерден бірнеше қатысушы келгеніне қарамастан, біз лайықты өнер көрсетіп, елімізге гран-приді алып келдік. Өте қуаныштымыз, – деді Di school модельдер мектебінің жетекшісі Диляра Турина. Айта кетейік, 7 күнге созылған сән байқауында жас моделдер түрлі сынақтардан өтті.

Талқылау