Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қыз бен жігіт Челябіде суға батып кетті

Челябіде суға батып кеткен 23 жастағы жігіт пен 20 жастағы қыздың денесін құтқарушылар Шершневский су қоймасынан екі күн бойы іздеген.

t_800x0x4978873b75

Фото: tourizm74.ru

Бұл туралы echochel.ru хабарлайды.

“Жас қыз бен жігіт туыстарымен бірге Челябінің сырт жағындағы Западный ауылындағы жағалауда демалған. Ол жерде жағдай жасалмаған. Ал жастар үрлемелі матрастың үстінде жағалаудан алыс аймақта жүзіп жүрген. Біраз уақыттан соң жағалаудағы адамдар су үстінде тек бос матрастың қалқып жүргенін байқаған. Оқиға орынына жеткен құтқарушылар қайтыс болғандарды бірнеше күн іздеген”, – делінген хабарламада.

Қазақстандықтардың Шершневский су қоймасы аумағында батып кетуіне байланысты, тергеу органдары тергеуге дейінгі зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Талқылау