Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық көріпкел Бақыт Жұматова 2017 жылға болжам жасады

Қазақстандық белгілі көріпкел, ресейлік “Битва экстрасенсов” тележобасының финалисі Бақыт Жұматова 2017 жылға болжам жасады.

svsv

Бұл туралы “Караван” газеті жазады.

“2015 жылы мен үш жыл алдыға болжам жасағанмын. Мен енді рухани тұрғыдан өстім және 2027 жылға дейін көріп тұрмын деп айта аламын. Биылғы жыл оңай емес, бірақ барлық жағынан жайлы болмақ. Алғашқы үш айдан соң барлық салада өсу байқалады. Әсіресе, қазақстандықтарға ауылшаруашылығын мықтап қолға алуы тиіс”, – дейді ол.

Бұдан кейін көріпке, алдағы он жылдыққа қатысты пікірімен бөліседі.

“Біздегі барлық қиындықтар уақытша. ЭКСПО өз деңгейінде өтеді. Спорт, білім, медицина, өнер саласы дамиды. Ғалымдардың назары Шымкентке қарай аумақ”, – дейді Жұматова. Осыдан кейін оның айтқан келесі болжамы тіптен таңғалдыра түседі.

“Уақыт өте келе банк деген болмайды. Біз рублге өтеміз. Ол доллар, евродан да қымбат валютаға айналады. Ал Қазақстан әлі де шекарасын бекіте түсіп, қауіпсіздігін нығайтуы керек. 3-4 жылдан кейін қазақстандықтардың ақшасы көбейеді”, – дейді ол.

Саяси бағыт бойынша, парламентте жаңа адамдар отырмақ. Ал қоғамда пәтер бағалары күрт қымбаттап кететін көрінеді.

“Қазақстандықтар өз болашағы үшін еш уайымдамаса болады. Бұл өте жайлы ел. Мен мансабымды басқа мемлекеттерде де жалғастыра берсем болатын еді, бірақ Қазақстаннан алшақтап кете алмадым. Мен ел тұрғындарына бақыт, қуаныш, көңілді сәттер тілеймін”, – деді Бақыт Жұматова.

Оқи отырыңыз:

Танымал адвокат “тіркелмегендігі” үшін салынатын айыппұлдан қалай құтылуға болатынын айтты

Өз әйелін зорлаған еркек 5 жылға шартты түрде сотталды

Таразда жұма намазға жиналған жұрт жергілікті тәртіп сақшыларымен жанжалдасып қалды

Ақмола облысында ұстаз оқушының мойнындағы православиелік алқаны шешіп тастады

Талқылау