Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық хоккейшінің әйелін өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Шығыс Қазақстан облысында хоккейші Евгений Фадеевтің әйелі Мария Фадееваны өлтірді деп күдікке ілінген екі азамат сотталды.

e2dfa949-804a-4fc0-bc3f-946da6f0ada5

Сурет today.kz

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Мария Фадеева — қазақстандық танымал хоккей бапкері Владимир Беляевтың қызы. Күйеуі Евгений екеуінің екі баласы бар. Ол 2015 жылы қазан айында өз пәтерінде өлі күйінде табылған еді. Оның өліміне күдікті ретінде Өскемен қаласының тұрғындары Бейбіт Слямов пен Самат Равхатов қамауға алынған.

Сот залында Слямов Фадееваны жалғыз өзі тонамақшы болғанын айтты. Оның айтуынша, бұл пәтерден шыққан кезде Фадеева тірі болыпты.

Сот Бейбіт Слямовты өмір бойына бас бостандығынан айырып, жеке мүліктерін тәркілеуге шешім шығарып қатаң режимдегі колонияға жіберді. Самат Равхатов та жеке мүліктерінен айырылып, 16 жылын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды.

“Прокурор Слямовты 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ, сот қылмыстық заңға сәйкес ең жоғарғы қатаң шараны қабылдап отыр”, – деді судья Раушан Игішева.

Сотталушылар Евгений Фадеевке моарльдық шығын ретінде 20 миллион теңге төлеуі тиіс. Сотталушылардың қайта шағым түсіруі үшін 15 күн уақыттары бар.

Талқылау