Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық хирургтер науқасқа жаңа тіл жасап берді

Алматыда қазақстандық хирургтер науқастың тілін ауыстырып, ерекше ота жасады.

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Ерекше ота 60 жастағы қарияға жасалған. Қатерлі ісік салдарынан қария тілінің бір бөлігі алып тасталған. Енді дәрігерлер науқастың білегінен жаңа тіл жасап берді.

Күрделі ота сегіз сағатқа созылған. Науқастың тілін білегінің етімен ауыстырған. Адамның шашынан да жұқа қан тамырларға 10-ға жуық тігіс тіккен.

«Осылайша қалыптасқан, өз қызметін атқара алатын тіл жасадық. Ол алдағы уақытта науқасқа жұтынуға, тамақтануға, сөйлеуге мүмкіндік береді. Жыл сайын Онкология және радиобиология институтында осы тәріздес 30 шақты ота жасалады», – дейді Онкология және радиобиология ғылыми-зерттеу институтының ғылым бөлімінің директоры Дәурен Әділбай.

Дәрігердің айтуынша, ауыз қуысының қатерлі ісігі көбіне шылым мен ішімдікке әуес жандарда кездеседі екен. Отадан кейін науқастарға арнайы протез салынады.

Оқи отырыңыз:

Дәрігерлер «угги» етігінің денсаулық үшін қауіпті екенін анықтады

Баланың табанында барлық ағзаға жауапты нүктелер бар: Ұқалай отырып ауырсынуды басуға болады

Қырғызстанда өндірілген кей тағамдар сапасыз әрі қауіпті болып шықты

Жыл сайын Қазақстанда бас және мойын ісігіне 2 мыңнан астам адам шалдығады

Талқылау