Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық «Хатико»: Ақмола облысында ит қайтыс болған иесін аурухананың алдында екі апта бойы күтуде

Ақмола облысының Степногорск қаласында өз «Хатикосы» пайда болды. Жергілікті аурухананың алдынан шықпай жүрген ит қайтыс болған иесін екі апта бойы күтуде.

Қазақстандық «Хатико»: Ақмола облысында ит қайтыс болған иесін аурухананың алдында екі апта бойы күтуде

Бұл туралы Кokshetau Аsia ақпарат агенттігіне сілтеме Stan.kz хабарлайды.

Екі апта бұрын Степногорск қалалық ауруханасына егде жастағы ер адам ауыр жағдайда түскен. Жан сақтау бөлімінде жатқан ол бірнеше күннен кейін қайтыс болып кетіпті. Жедел жәрдем көлігінің ізімен жүгіріп келген ит сол күннен бері иесін күтіп, ешқайда кетер емес.

«Ит ешкімге үрмейді, тиіспейді. Тек ауруханадан шыққан адамдардың бәрін мұқият бақылауда», – дейді дәрігер Тимур Әлібаев.

Аурухана қызметкерлері иттің өз иесін күтіп жатқанына сенімді. Жергілікті «Тазы және бөрібасар» ит шарушалығы федерациясының төрағасы Оралбек Қайсановтың сөзінше, иесіне адал итті араухана алдынан алып кетудің бір ғана жолы бар.

«Ит жақсы адамды сезе алады. Егер сондай адам табылып, оған мейірімділік танытып, қоректендірсе, ит өзіне тұмылдырық кигізуге рұқсат беріп, сонымен бірге кетеді. Тіпті ол адамға үйренісіп, жаңа иесіне адал қызмет етуі мүмкін», – дейді Қайсанов.

Алайда әзірге итті алып кеткісі келетін адамдар табылар емес,

Аурухана қызметкерлерінің болжамынша, бұрығы иесі өзі жалғыз тұрған. Демек марқұмның итін  өз қамқорлығына алғысы келетін жақыны жоқ.

Мамандардың сөзінше, иттер өмірінің соңына дейін иесіне адалдығын сақтайды, тіпті кей достары мен туыстарынан да адал болады.

Ендігі аурухана қызметкерлері иесін күткен адал ит қаңғыбас болып кетеді ме деп алаңдаулы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау