Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық келіншек барша көңілдестерге өтініш айтты

Қазақстандық келіншек отбасының берекесі үшін уайымдап жүр. Күйеуі соңғы кезде жас қыздармен сөйлесе бастаған екен. Осы орайда, Айжан Есқара (есімі өзгертілді) барша жас көңілдестерге өтініш айтты.

main-6806-51a7b995b492b4953e2c13ef704bf68c

Бұл туралы «Әйел құпиясы» парақшасында жазылды.

«Биыл тұрмыс құрғаныма 3 жыл болады. Екі жыл бала көтере алмай жүрдім. Аллаға шүкір, артынша жүкті болдым. Бірақ, сегіз айында босанған қызым бір аптадан кейін шетінеп кетті. Қатты қиналдым. Менің жаныма батқан тағы бір нәрсе бар. Күйеуім іс сапарларға жиі барып тұрады. Солардың бірінде жүріп «Друг вокруг» желісі арқылы бір қызбен танысқан екен. Артынша екеуі Whats App желісі арқылы бір-бірімен сөйлескен. Содан тағы да біреумен сөйлесетін болса, ажырасып кететінімізді айттым. «Сені сүйемін» деп жібергісі келмейді. Әлгі қызға «Үйленейін деп жатырмын. Бұдан былай мазамды алма деп жазып жіберіпті.

Ол қыз өзінің алданып қалғанын айтып жылап жүр. Ер азаматтардың неге сонша қыз құмар  болатындарын түсінбеймін. Бір күні әлгі қызға өзім хабарластым. Ол күйеуімнің отбасы бар екенін білмегенін айтып, кешірім сұрады. Күйеуіме келіп тағы да жыладым. Ол «Сені ғана сүйемін. Жұмыстан жалығып кеткен кезде жазған едім» деп тағы да жалынды. Үйде отырып қанша мезі болсам да, опасыздық жасамайтынымды айттым. Жуырда тағы да іссапарға кетті. Басыма түрлі жаман ойлар келіп тұр.

Тұрмыс құрмаған жас қыздар, отбасылы азаматтармен сөйлеспеңдерші. Бұл нәрсе әйелдерге қатты батады. Біз күйеуімізбен, бала-шағамызбен бақытты болғымыз келеді. Сөйлеспес бұрын отбасының бар-жоғын анықтап алыңдар. Қазір жаман күйде жүрмін. Балаң болмаған соң қорқады екенсің. Балаң болса, жоқ дегенде сол үшін шыдауға тырысасың ғой. Қазір ата-енеммен бірге тұрамыз. Өзім тазалыққа да жақсымын. Құдайға шүкір, дене бітімімде сұлу. Осы ер азаматтарға не нәрсе жетпейтінін түсінбеймін», – дейді Айжан Есқара.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қайын інісімен төсектес болған келіншек баласының кімнен екенін білмей жүр

Қазақстандық келін тікелей эфирде өзін мезі еткен енесі туралы айтты

Көңілдес сүйіктісін отбасынан ажырата алмай қиналып жүргенін айтты

Алып қашудың құрбаны болған бойжеткен қайын жұртының көрсеткен қорлығы туралы айтты

Талқылау