Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық келіншек 33 жыл бұрын өзін тастап кеткен анасымен кездесті (фото)

Отандық бағдарлама тілшілері Әлия Сүйіндікованы анасымен жолықтырды. Оны анасы осыдан 33 жыл бұрын перзентханаға тастап кеткен екен.

мв

Бұл туралы КТК арнасының  “Наша правда” бағдарламасында айтылды.

Әлия Сүйіндікованы осыдан 33 жыл бұрын анасы перзентханаға тастап кеткен. Бұған қарамастан, Әлия осы күнге дейін туған анасын іздеп келеді. Бүгінде жас келіншектің отбасы мен балалары бар. Ол бір кездері шалыс басқан анасын кез келген жағдайда кешіретінін айтып жатыр.

“Мен туған анаммен және өзге де туыстарыммен жақынырақ араласқым келеді. Оның үстіне балаларым да әжелерін сағынып жүр. Маған олардан ешқандай көмек қажет емес. Бір рет біздің қазақ тілі пәнінің мұғалімі, екінші ретте бөтен отбасы мені асырап алмақ болды. Әрине, ол кезде біздің пікірімізді ешкім сұрамайтын. Десе де, мен дәретханаға кіріп алып шықпай қойдым. Көп уақыттан бері ата-анамды іздеп келемін. “Жди меня” бағдарламасына да хат жазған болатынмын. Кейде “Барлығынікі табылып жатқанда, менің әке-шешем қайда кетті” деген бір өксік мазалайды. Қанша дегенмен қаның жібермейді екен. Мен анама еш ренжімеймін. Біз үлкендердің жастық шақта жіберген қателіктерін кешіруіміз керек”, – дейді Әлия Сүйіндікова.

ри

Келіншек Кеңес Өкіметі тұсында тәрбиеленгендіктен, көп қиындық көргенін жасырмайды. Тіпті, бір киімді алты-жеті жыл киіп жүретін кездері болған екен. Тек 7-8-сынып оқыған кезде ғана жағдайлары жақсара бастаған-ды.

“Уақыт өте келе мереке сайын кәмпит-печеньенің не екенін біле бастадық. Балалар үйіндегі тәрбиелеушілеріміз жиі өзгеріп отырды. Сол себепті олардан анама қатысты мардымды ақпарат ала алмадым. Бір шетінен анам менімен көріскісі келсе, мені баяғыда тауып алатын еді деп ойладым. Балаларыма үнемі “Ең бастысы, әке-шешелерің қастарыңда” деп айтып отырамын. Әзірге оларға әжелері туралы шындықты айтқан жоқпын. Бастапқыда күйеуімнің ата-анасы оның маған үйленуіне қарсы болды. Сол кезде ол ата-анасына “Мен тек балалар үйінде тәрбиеленген қызға үйленемін” деп айтқан екен. Тағдыр бізді осылайша табыстырды”, – дейді келіншек.

ма

Әлия ханым осы күнге дейін анасын табатынына сенімді болған. Оның үстіне күйеуі оған үнемі қолдау көрсетіп отырған екен.

“Бір күні анамнан хат келді. Мені алып кететін шығар деп қатты қуандым. Хатта өгей әкемнің және бауырым мен сіңілімнің бар екені туралы жазылған. Яғни менімен кездескісі келетінін, бірақ мен туралы шындықты ешкімге айта алмайтынын жеткізуге тырысқан. Құрбысының мекен-жайын жазып, сол жерге шақырған екен. Мекен-жайды оқып түсіне алмадым. Артынша ол хатты жоғалтып алдым”, – дейді Әлия ханым.

Студия қонақтарының арасында актриса Гүлнәр Досматова да болды. Ол өз кезегінде Әлияның анасының тасжүректілігіне қайран қалғанын жеткізді. “Осы хатқа дейін мен ол әйелді ақтай алатын шығармын деген ойда болдым. Жалпы біреуді сынаудың қажеті жоқ қой. Десе де, ол әйелдің әрекетін түсіне алар емеспін. Оның отбасы бар әрі бақытты ғұмыр кешіп жатыр екен. Бірақ мұндай хатты жазу үшін нағыз тас жүрек болу керек шығар”, – дейді ол.

амвс

Бағдарламаның ортасында ешкім күтпеген жайт болды. “Наша правда” бағдарламасының тілшілері Әлия Сүйіндікованың анасын тауып алған екен. Бойжеткеннің анасының есімі – Нұрханым Асылбекова. Ол көптен бері пошта қызметкері болып жұмыс істейді. Ал Әлияны некесіз жүкті болып қалғандықтан тастап кетуге мәжбүр болған.

“Мен ол кезде жас болдым. Сәбиімді бір күн бойы қасыма алып жаттым. Артынша құрбым “Сен жассың. Бұл баланы қайтесің?! Одан да жаңа өмір баста” деп пәтерге алып кетті. Баланы перзентханаға тастадым. Бір айдан кейін есімді жиып, өзіме келе бастадым. Күнде перзентханаға барып, баламды іздедім. Жұмысқа тұрсам да, ара-тұра перзентханаға келетін болдым. Ақырында үмітімді үзіп, перзентімді бір Аллаға тапсырдым. Бір күні маған балалар үйінен хат келді. Сол хатта көрсетілген мекен жай бойынша балалар үйіне бардым. Бірақ ол жерге мені ешкім кіргізбей қойды. Өзім 28 жасымда тұрмысқа шықтым. Ал Әлияның әкесі мені жас кезімде тастап кеткен болатын. Оған аяғымның ауыр екенін айтып едім, маған үйленуден бас тартып, қашып кетті. Осыдан кейін оны ешуақытта көрмедім. Ал Әлияға хатты мен жазған емеспін. Бәлкім, құрбым жазған болар. Ең бастысы, қазір балаларымды бір-бірімен таныстырғым келеді”, – дейді Әлия ханымның анасы.

отр

Аталған бағдарламаға Нұрханым өзімен бірге жиенін ерте келген екен. Ол да 33 жыл көрмеген әпкесімен танысуға асықты. Әзірге Нұрханымның қызы бар екені туралы ешкім білмейді.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әке балаларды психологқа емдетуге қарсы шықты

Семейлік оқушы қыздардың сүйісіп тұрған сәті елді шошытты (видео)

Жамбыл облысында тұрғын үй алдына бір жасар сәбиді хат жазып тастап кеткен 

Оралда қоқыс арасында жалғыз тұрып келген әжейдің бармақтарын кесуі мүмкін

Талқылау