Келін: Барлық ақшаны енем ғана ұстайтынына қуанамын
Жас келін отбасындағы ақшаға қатысты тәртіп туралы айтты. Барлығының ақшасын енесі жинап алып отырады екен. Ол өзіне осының әлдеқайда тиімді екенін айтып жатыр.
Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.
Қазақстандық келіншек отбасындағы ортақ бюджет туралы айтып берді. Барлығының ақшасын ай соңында енесі жинап алып отырады екен. Балжан ханым осы отбасылық ереженің өзі үшін тиімді екенін айтып жатыр.
«Тұрмысқа шыққаныма 4 жыл болды. Оқуымды бітіре салысымен отбасын құрған болатынмын. Ақылы бөлімдегі оқуымды толықтай ата-анам төледі. Қазір баламен үйде отырып қалдым. Әлі күнге дейін өзім ақша тауып көрген емеспін. Отбасымызда менен басқаларының барлығы жұмыс істейді. Күйеуім жалақысын бірден енеме әкеліп беріп отырады. Әлі үйдің жұмысынан шаршай қойған жоқпын.
Жолдасым отбасын құрмай тұрып басқа қалада жұмыс істеген. Яғни жалақысын тек өзіне жарататын болған. Ал қазір отбасымызда ортақ бюджет бар. Мұнымен қатар, үйде бірге тұрып жатқан қайын інілерім де жалақыларын анама әкеліп беріп отырады. Анамыз жиналған ақшаны пәтерақы мен азық-түлікке жұмсайды. Керек нәрсемізді айтсақ, өзі әкеліп береді. Ақшаны енемнің ұстағанына еш қарсылығым жоқ. Керісінше маған осы ыңғайлы. Өзім жұмысқа шықпайынша сұрамауға тырысамын», – дейді Балжан ханым.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Алғашқы неке түнінде пәктігінен айырылмаған қыз күйеуінің әрекетіне риза болған
Қазақстандық келіншек барша көңілдестерге өтініш айтты
Қайын інісімен төсектес болған келіншек баласының кімнен екенін білмей жүр
Келіншек опасыздығы үшін ақталып әуре болмайтынын айтқан күйеуіне ренжіп жүр