Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық келін ашық-шашық киініп, сыра ішетін енесі туралы айтты

26 жастағы қазақстандық келіншек құрбыларымен сыра ішіп, ашық-шашық киінетін енесі туралы айтып берді. Ол енесін зиянды әдеттерінен қалай арылтарын білмей жүр екен.

2-z29-b97aaf4b-c57d-4b3d-b07c-6a5a7e1a93d4

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

«5 жыл бұрын тұрмысқа шықтым. Бүгінде екі балам бар. Ұлым 3, кішкене қызым 1 жаста. Енеме ашық-шашық киінетіні үшін ренжимін. Заманауи әже болуға тырысады. Өзі 58 жаста. Балаларды балабақша алып бармайды. Бұрын жұмыс істеген. Қазір үйде отырады. Атам бәріміз бірге тұрамыз. Бірақ, енем бізден бөлектеніп жүреді. Ол кісінің бір күнін айтып берейін. Кешкі мезгілде қыдырып жүретіндіктен, таңертең асықпай тұрады. Шай сұрап, артынша интернет желісінде отырады. Whats App, instagram желілерінің тұрақты қолданушысы.

Өзінің суреттерін міндетті түрде желіге жүктеп отырады. Кейін теледидардан телехикаялар қарайды. Маған еш көмектеспейді. Әрине, арасында мен тамақ жасап жатқан кезде балаларға қарайды. Атам да – зейнеткер. Бірақ, ол шаруамен айналысқанды жақсы көреді. Шығып кетіп өзінің шаруасымен жүреді. Өте момын кісі. Ал енем өзін-өзі күткенді ерекше жақсы көреді. Күнделікті жыртық шалбар, майка киіп жүргенді ұнатады. Дене бітімі толық болғандықтан, мұндай киімдер ол кісіге жараспайды. Әрине, бұл туралы келін ретінде айтқым келеді. Астарлап жеткізуге тырысамын. Бәрібір түсінбейді.

«Қазір жастар осылай киінеді. Мен мұны құрбымнан көрдім» деп айтады. Қай жаққа баратынын білмеймін. Бірақ, күнде кешке қыдырғанды жақсы көреді. Атам мен күйеуім ол кісіге ескерту айтса да, енем аса елемейді. Мереке кездерінде құрбыларын жинап алып сыра ішеді. Осындай у-шуды кішкентай балалар өз көздерімен көруге міндетті болып отыр. Сол жағы жаныма батады. Күйеуім ерке болып өскендіктен, анасына артық сөз айта алмайды. Ал менің анам әрдайым басына орамал тағып жүреді. Тойға баратын кезде ғана боянады. Күнделікті бояну дегенді көрмеппін.  Енем осындай қылықтарын қояды деген ойдамын. Оның үстіне немерелері ес біліп қалды», – дейді Айғаным ханым.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қос жұртынан қорлық көрген әйел марқұм анасын сағынып жылады

Шымкенттік әйел күйеуінің басын “айналдырып” алған құрбысы туралы айтты

Алматылық ару: Пәк болмағаным үшін қорлық көріп келемін

Сәбиінің үлкен дәретінен қан шығатын әйел мамандардан көмек сұрады

Талқылау