Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық кәсіпқой боксшы сегізінші мәрте жеңіске жетті

Жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық кәсіби бокс шебері Абылайхан Құсайынов (7-0, 5 КО) спорттағы жетістіктерін жалғастырып келеді.

Бұл туралы Sports.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық Абылайхан Құсайынов пен мексикалық Хильберто Мес (8-3-1, 5 КО) арасындағы жекпе-жек  Канаданың Монреал қаласында өтті. Сегіз раундқа жоспарланған айқаста отандық спортшымыз жеңіске жетті.  Төрешілер Абылайхан Құсайыновты (77-74, 77-74, 76-75) бірауыздан  жеңімпаз деп таныды.

Қазақстандық былғары қолғап шебері Абылайхан Құсайынов кәсіпқой бокста сегізінші мәрте жеңіске жетті. Ал оның қарсыласы Хильберто Мес спорттағы мансабында төртінші рет жеңіліс тауып отыр. Канадалық БАҚ Құсайыновтың соққылары мен ерекше  шабуылы жайлы жиі жазып келді.

Дегенмен, бұған дейінгі Абылайхан мен мексикалық Хесуса Сильвейр (8-5-2, 3 КО) арасындағы кездесу жайлы  TheFightCity.com журналисі Захари Алапи «жекпе-жек өте қиын болды, қазақстандық бокшы төрешілердің басым дауысымен ғана жеңіске жетті» деп жазған болатын.

Оқи отырыңыз:

Сочи Олимпиадасында Қазақстанның туын ұстап шыққан спортшы допингпен ұсталды

Головкин-Канело реваншы: Билеттер қайтарыла бастады

Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жектің өтетін уақыты өзгертілді

 Еркебұлан Сейдахмет әлемдегі ең талантты футболшылардың кітабына енді

Талқылау