Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық кәсіпкерлер баланың қайда екенін анықтайын арнаулы киімдер шығармақ

Қай ата-ана болмасын, бауыр еті баласының амандығын ойлап, көзден таса болса уайымдап отырады. Бірақ бұл мәселенің де шешімі табылған сияқты. Алматы облысының кәсіпкерлері балалардың киіміне GPS-навигатор тігуді қолға алды.

щщ

 

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

ҚР ІІМ деректері бойынша жыл сайын Қазақстанда әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтағы 500-ден астам адамның іс-түзсіз жоғалуы туралы деректер тіркеледі. Оның ішінде балалар да бар. Мұндай жағдайлардың арты кейде қайғылы оқиғамен аяқталатыны да жасырын емес. Сондықтан, баланың қайда жүргенін біліп отыру үшін Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы шағын тігін цехын ашқан жандар сырт киімге нысана анықтауышты қоюды ұйғарыпты. «Бұл ең алдымен сақтық шарасы», – дейді олар.

“Ақпарат құралдарынан балалардың жоғалуы туралы неше түрлі ақпарат алып жатырмыз. Сол мәселені қайтып шешсе болады деген бізге ой келді. Бұл күртешенің арнайы қалтасы бар. Соның ішіне GPS-навигаторды саламыз. Осыдан кейін сіз өзіңіздің балаңыз қайда екенін әрқашан біліп жүре аласыз”, – дейді өндіріс цехының басшысы Жандос Қасенов.

Өңірде жеңіл өнеркәсіп саласының дамуына айтулы үлес қосып отырған кәсіпорында қазір 15 адам еңбек етеді. Шағын тігін цехында айына 2 мың дана киім үлгілерін тігеді.

“Балаларға кигізгенде сенімді. Көшеде қай жерде жүр барлығын біліп отыруға болады. Көшеде бәрі көрсетіліп тұрады. Сондықтан ыңғайлы”, – тігінші Баян Ойнарова.

Инновация игілігіне жүгінген кәсіпкерлер нысана анықтауышты қолданудың оңай екенін айтады. Бәрі ұялы телефон, яғни смартфонның жадына енгізілген. Баланың киіміне салынған  навигатордан нысанның қай жерде жүргені туралы нақты ақпарат беріледі. Жалпы нысана анықтаушты басқа да мақсаттарда қолдануға әбден болады. Бірақ ойын баласын әрдайым бақылап отыру жұмысбасты ата-ана үшін аса маңызды болып отыр.

Талқылау