Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық кәсіпкер көпшіліктің алдында полицияға пара беруден бас тартты

Белгілі кәсіпкер  Марат Төлібаев көпшіліктің алдында жол полициясы қызметкерлеріне  пара беруден бас тартатынын айтты. Экс-шенеунік facebook желісіндегі парақшасында «Өзіңнен баста» акциясын қолға алды.

b2f1449e43310a4680a80731e559c093

Онда Төлібаев әркім өзін сыйлап,әдебін сақтаса қоғамдағы жемқорлық, көше ластығы,алаяқтықтың азаятынын айтқан.

«Біз  қаланың ластығын, нашар тұратынымызды, адамдардың дөрекілігін айтып жиі шағымданып жатамыз. Оның барлығын шындап келгенде өзіміз істеп отырмыз. Ауладағы қоқысты өзіміз тастаймыз. Жол полициясына  параны өзіміз ұсынбасақ ол қалай алады?»,-дейді кәсіпкер.

Бұрынғы вице-министр оқырмандарына әр адам әдептілікті өзінен бастаса тәртіп қалыптасатынын жеткізгісі келген. «Өзіңнен баста» акциясын көтеріп, пікірімен қосылып қолдау көрсеткісі келетіндерге риза екенін жеткізген. Және акция барысында өзінің нақты шешімдерімен де бөліскен.

«Халықтың алдында айтамы, жол полициясына  пара ұсынудан түбегейлі бас тартамын. Жол ережесіндегі тәртіпсіздік болмайды деп айта алмаймын,ол кез келгеніміздің басымызда болуы мүмкін. Ережені бұзған жағдайда заң бойынша айыппұлды мемлекетке төлеймін»,-деді кәсіпкер.

«Бұл менің жеке шешімім,әрі  қазынаға қосар үлесім. Еліміздің деңгейін көтеру үшін сіз не істей аласыз?»,- дейді  марат Төлібаев өз оқырмандарына.

Талқылау