Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық каратэші Америка чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Ақтаулық спортшы Саламат Демеуов киокушинкай карате-додан Америка чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Дода 27 қаңтарда Лос-Анджелесте мәресіне жетті.

Қазақстандық каратэші Америка чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Чемпионатқа Жапония, Жаңа Зеландия, Ресей, Канада, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Болгария, Франция және Қазақстаннан келген спортшылар қатысты, деп хабарлайды “Лада” порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстанның атынан додада Саламат Демеуов бақ сынады. Оның бапкері Мұрат Бөкеев болды.

Саламат 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Ол 4 жекпе-жек өткізді. Дода барысында қазақстандық спортшы қолын зақымдап алғанымен, жекпе-жекті соңына дейін жеткізіп, финалға шықты. Нәтижесінде күміс жүлдеге қол жеткізді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау