Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық грек-рим күресі палуандары Эстония турнирінде тоғыз медаль ұтты

Эстония астанасы Таллинде «Таллин Оупен» кадеттер  мен жастар  арасында күрес түрлері бойынша халықаралық  турнир өтті.

d0b819f5b6ebccac1ef0a64803f79195

Жарысқа 20 елден 1800 спортшы қатысты.

Біздің жастардан құралған командамыз тоғыз медаль ұтты.

50 келіге дейін салмақ санатында үш палуан – Дастан Зарлыханов турнир жеңімпазы, екінші орында – Ернұр Фидахметов, үшінші орында – Ғалым Қабдынасаров. Айдос Сұлтанғалиға 60 келі салмақта ешкім тең келмеді. 120 келі ең ауыр салмақта Мансұр Шадуқаев күміс медальді жеңіп алды. Қоланы Данияр Марвен ұтты. Сондай-ақ Бағдат  Үсенов (84 келі) пен Мерей Бекенов (66 келі) қола жүлдегерлер атанды.

Талқылау