Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғарышкерлер қайырымдылық донорлық акциясына қатысты

Ғарышкерлер Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов қан беру бұқаралық донорлықты дамыту бағдарламасын қолдау акциясына қатысты.

OB6Rmr-nncQ

Сурет vk.com

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қайырымдылық донорлық марафонын LG Electronics Almaty Kazakhstan компаниясы Алматы қаласының қалалық қан құю орталығымен бірлесіп өткізді және ол адамның ғарышқа алғашқы ұшуының 55 жылдығына арналды.

Бұл бастама ТМД елдеріндегі LG, қазақстандық және ресейлік ғарышкерлердің ынтымақтастығы ауқымындағы жаңа қадам болды.

«Біз үшін мұнда белгілі қазақстандық ғарышкерлер Талғат Мұсабаевты, Айдын Айымбетовты қарсы алу зор құрмет», деді LG Electronics Almaty Kazakhstan компаниясының президенті Максим Чан, – Құрметке лайық тамаша адамдардың игі істері бәрімізді біріктіреді және бір-бірімізге немқұрайды қарамауға, жауапкершілікке үйретеді».

Ғарышкерлер зауыт және LG кеңсесі қызметкерлері алдында сөз сөйлеп, компанияның бұдан былай да ізгі істердің жаршысы болуын құптады.

«Әр жылдарда атақты спортшылар Ольга Рыпакова, Кирилл Павлов, белгілі әртістер LG ізгі істерінің елшісі болды, бүгін бұл дәстүрлерді құрметті қазақстандық ғарышкерлер жалғастырып отырғаны сүйінішті», – деп атап өтті М.Чан.

Талқылау