Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы бір қазақстандық азаматтың ғарышқа ұшатыны туралы ақпарат жалған болып шықты

Ресей дайындаған кеме экипажында қазақстандық ғарышкердің есімі болмай шықты.

Бұл туралы ҚР Аэроғарыш комитеті “Диапазон” газетіне түсініктеме берді.

Өткен аптада ақтөбелік басылым “Қазақстан Ғарыш Сапары” ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Әйімбетовті тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшатынын айтты деп хабарлаған еді.

Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарушы Баубек Оралмағамбетовтың айтуынша, газет тілшісі Әйімбетовтің сөзін дұрыс түсінбеген.

Оның айтуынша, әзірше ғарышқа ешқандай қазақстандық ұшпайды. Ресейлік экипаж дайын болғаннан кейін қазақстандық ғарыш кешені салынады. Болашақта сол кешеннің құрамында қазақстандықтар болады.

“Бәйтерек” жобасы Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы. Ресей жаңа зымыран құруға жауап береді. Ал, Қазақстан жаңа зымыранның жер бетіндегі орналасуын қадағалайды. Қазақстан Үкіметі  қазақстандық ғарышкерлердің ұшуына жауап бермейді”, – делінген хабарламада.

“Диапазон” газетінің тілшісі ғарышкердің сөзін ойдан құрастырмағанын және оның “Қазақстаннан тағы кімдер ғарышқа ұшады” деген сұрағына жауабын өзгертпестен жазғанын айтты. Айдын Әйімбетов бұл сұраққа былай жауап берген:

“Қазақстан Байқоңырда жер үсті ғарыш кешенін салады. Жасыратыны жоқ, Ресейдің жаңа ғарыш кемесі дамып келеді. Жаңа кемесінде 6 ғарышкер орындығы бар. Ол тексерістен өткеннен кейін біздің қазақстандық ғарыш кешені басталады. Меніңше, ондағы экипаж құрамында қазақстандық мамандар болады. Бізде бұл қадамды жасауға дайын мамандар өте көп”.

Тағы оқыңыз: 

СҚО-да әкім болғанын орманда тойлатқан шенді қызметінен босатылды

Ақбота Керімбекова күйеуімен бірге отбасылық дуэт құрды (видео)

Ұлыбританияда жүрегі денесінің сыртында орналасқан нәресте туылды

Талқылау