Қазақстандық ғалым телефонды ұзақ уақыт қуаттамауға болатын әдіс ойлап тапты

Сенбі, 30 Қыркүйек , 2017 12:03

Назарбаев университетінің профессоры Зинетулла Еңсепов болашақта ұялы телефон батереяларының қуат күшін қазіргіден бірнеше есеге арттыратын технологияны паттентеді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

“Телефонның ең өзекті тұсы – бұл батерея. Сіз оны қуаттайсыз, ал ол тез отырып қалады. Телефондардың келесі буынында қуаты азаймайтын батереялар болады. Мәселен, 150 жылға жететін. Оны жасау үшін отын жібере алатын насос керек. Қазір де ондай батереялар бар, бірақ өлшемдері өте үлкен. Ал оны телефонға бейімдесеңіз істемей қалады. Ал біздің құрылғы оны ыңғайлы етіп жасау керек”, – дейді профессор.

Ғалымның айтуынша, ондай батереялар келешекте сутекті отын көмегімен жұмыс істеуі керек.

“Басқа каналмен ауа қозғалатын болады. Бұл екі компонент кездесіп, электр тудырады. Яғни, сіздің телефоныңызда өзіндік паравоз болады. Телефоныңыз қызып кетпейді”, – дейді ол.

Бұл ерекше ой профессордың басына 10 жыл бұрын келген. Технологияны құрастырумен 2006 жылы Америкада бастапты. Қазір ол америкалық және ресейлік әріптестерімен бірге технологияны жетілдіріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте полицейден таяқ жеген қыздың өзіне қылмыстық іс қозғалды

Атырауда оқушы қызды зорлап өлтірген педофил ұзақ мерзімге сотталды

Түркияда жол апатынан зардап шеккендерге әлі санавиация жіберілмеген болып шықты

ШҚО-да ешқашан мектепке бармаған екі бала Маугли секілді өмір сүріп жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар