Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалым аталық және аналық бұлттар туралы теория ұсынды

Балқаштық жас ғалым бұлттарға зерттеу жасап, олардың аталық және аналық болып екіге бөлінетінін, ал олардың қосындысынан жауын-шашын пайда болатынын дәлелдеді.

oblaka-770x439_c

Осы жаңалығы үшін 26 жасында профессор атанған № 8 орта мектептің түлегі Азамат Байтасов Балқашқа келді, деп хабарлайды “Өркен медиа”. 

Ол өзіне, мақсатыма қол жеткізгеннен кейін ғана туған қалама оралам деп, серт берген екен. Ал, діттегеніне жету үшін Алматыға оқуға түсіп, география мұғалімі атанады. Кейін магистратураны тәмамдап, зерттеу жүргізе бастайды. Оның бұлттар туралы жаңалығын батыс ғалымдары да мойындаған. Осы еңбегі үшін Азамат Байтасов небәрі 26 жасында әлеуметтік ғылымдардың профессоры атанды.

«Шын мәнінде жауын-шашын бекерден-бекер жаумайды. Өйткені ауадан және бұлттан түсетін жауын-шашын болады. Екеуінің табиғаты екі түрлі. Оның пайда болуына әсер ететін нәрсе аталық және аналық бұлттардың пайда болуы. Осындай жаңалықты теория жүзінде дәлелдегеннен кейін батыстық ғалымдар бірден мойындады. Енді қазақ ғылыми ордасы қоғамдық маңыздылыққа ие болу үшін бірнеше жылдар керек».

Қазір жас ғалым 28 жаста. Бірнеше оқулық пен әдістемелік құралдың авторы. География пәні бойынша құрастырған сұрақтары ҰБТ- ға енгізілген.

«6 жылдық білімді шын ықыласымен қайталап шығатын болса, 2 айдың ішінде ең төменгі 5 балдан 40 балға дейін көтеруге болады. Сұрақтар айдаладан келген жоқ. Барлығы оқулық мазмұнына сай жасалған. Оқыған бала үшін ол өте қарапайым сұрақтар».

Жас ғалым мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ол жақында PhD доктор ғылыми деңгейін алу үшін Мәскеуге бармақ. Одан кейінгі зерттеуін Қазақстанның экономикасына арнағалы отыр. Сол арқылы дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылу үшін елімізге не жетіспейтіндігін анықтамақ ниетте.

Тағы да оқыңыз:

Астана маңында белгісіз ер адам прокуратура қызметкерін атып, сосын өзіне қол салды

Жезөкше болған қазақ қызы тікелей эфирде мұңын шақты

Қызды құтқарамын деп тоққа түскен жасөспірімнің өміріне кінәлілер табылмай отыр

Талқылау