Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық футболшы Голландия чемпионатының символикалық құрамасына енді

Голландия чемпионатында ойнайтын “Рода” командасының қазақстандық жартылай қорғаушысы Георгий Жуков, 25-турдың символикалық құрамына кірді.

6666666666

Сурет sport.caravan.kz

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

Футболшының 25-тур үздіктерінің қатарына қосылуына оның “Хераклеске” қарсы матчта нәтижелі соққысымен көзге түсуі себеп болды. 28-ші минутта Жуков қарсыластарын қақпасын дәл көздеп командасын алға шығарған. Ал, жалпы матч 5:0 есебімен “Роданың” пайдасына шешілді. Символикалық құрамда сондай-ақ, Жуковтың командаластары – қақпашы Беньямин ван Лер мен шабуылшы Майк ван Дейнен және Рейдел Пупон да кіріп отыр.

555555555

20 жастағы Жуков Семейде туылып, 5 жасында отбасымен Бельгияға қоныс аударған. Қазақстан құрамасының сапында тек екі жолдастық кездесуге қатысқан ол, ресми кездесулерге өзіне белгілі себептермен шықпаған болатын. Әйтсе де, футболшы Голландия біріншілігінде Қазақстан азаматы ретінде тіркелген.

Осы маусымда Эредевизде 7 ойын өткізіп, жанкүйерлер ықыласына бөленіп үлгерді. Ол әзірге клубпен үш ре жеңіске жетіп, үш рет тең ойнап тек бір ойында ғана жеңіліс тапты. Георгий Жуков – Голландия чемпионатында өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық футболшы.

Жуков соңғы екі маусымды “Астана” сапында өткізіп, екі рет Қазақстан чемпионы атағын иеленіп, былтыр Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде ойнады. Маусым аралық үзіліс кезінде ол өзінің негізгі командасы Голландиялық “Стандарт” қатарына қосылған. Алайда клуб ойыншыны бір маусымға “Родаға” жалға берді.

Талқылау