Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық футболист қыздың өзіне қол жұмсауы ата-анасын есінен тандырды

Алматыда Қазақстанның әйелдер құрамасының футболисі, 23 жастағы Зарина Тұрдиева, ауласындағы сарайда асылған күйінде табылды. Ата-анасы қызын өзіне қол жұмсайды деп мүлде ойламаған.

10778074

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

23 жасқа дейін футболист қыз тек жақсы нәтиже көрсеткен. Жеңілмей, үнемі алға қарай ұмтылумен жүретін. Ол кешкісін үйінен телефон, мен компьютер тоғын, жеке күнделігін алып шығып кеткен. Содан 12 сағат өткен соң әжесі оны сарайда асылып тұрған жерінде көрген.

Қыздың күнделігі де, ешқандай хат та табылмапты. Екі ай бұрын ол Көкшетаудан демалысқа келген екен. Соңғы бір жарым жыл ішінде ол жергілікті команда атынан ойнаған. Жаттықтырушы оған үлкен үміт артқан екен. Қаңтар айының соңында Зарина қайтадан “Көкше” командасы атынан ойнауға тиіс болған.

“Соңғы рет 3 апта бұрын Зарина екеуміз байланысқа шығып, сөйлескенбіз. Команда туралы, дайындық жайлы айттық. Бізде достық қатынас болатын. Қаңтар айының соңында команда жиналып барлығы келетін болған”, – дейді “Көкше” командасының бас жаттықтырушысы Петр Пак.

“Ол Көкшетау атынан ойнауға болатынын, бірақ өзінің қаламайтынын айтқан. Себебін сұрасам, айтпады. Одан сыр суыртпақтап ешнәрсе біле алмайсың. Әйтеуір, Астана атынан ойнағысы келетінін айтып жүретін”, – дейді әпкесі Дариья Огнева.

Әріптестері Заринаның соңғы екі жылда жақсы нәтиже көрсеткенін, бірақ 2015 жылы командаға шақырылмағанын айтады.

Бірақ, не дегенмен футболист қыз соңғы кездері дайындалып, жергілікті спорт залдарына барып жүрген.

Талқылау