Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізе ер адамдар қаржы дағдарысынан психологтарға көптеп жүгінетін болған

Психологтардың айтуынша, еліміздегі қаржы дағдарысынан экономиканың құлдырауы, әсіресе, отбасын асырушы ер адамдарға ауыр тиген көрінеді.

15_Depression_g_w

Сурет: ej.by 

Бұл туралы The Gurdian хабарлайды.

Елімізде ипотекаға үй алғандардың 3 ай бойғы міндеттелген ақшалары төленбеген.

2016 жылдың қаңтар айындағы көрсеткіш бойынша, жұмыссыздар саны 5,1 %-ды құрайды. Алайда, бұл көрсеткіш одан да көп болуы мүмкін. Өйткені, көрсеткіш жұмыс іздеу үшін мемлекеттік институттарға тіркелгендердің санымен жасалған.

Алматы қаласының психологы Ирина Кированың айтуынша, соңғы кезде психолог кеңесіне жүгінетін ер адамдар саны артқан. Ол бұрын соңды мұндай жағдайдың болмағанын айтады.

«Кеңеске келетін ер адамдар саны бір жыл ішінде 3 есеге көбейді. 2011 жылы бір ер адамға 2 кеңес өткізетін болсам, бүгін ер адамдармен 15 кеңес өткізем», – дейді Ирина Кирова.

Оған келуші ер адамдардың көпшілігі 32 мен 50 жас аралығында және олардың көпшілігі психолог кеңесіне жасырын күйде жүгінгенін қалайды екен.

Талқылау