Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дүкен иелері спирттік ішімдіктерді түнде саудалаудың жолын тапқан

Самат Ысқақов есімді блогер дүкендер желісі заңмен тыйым салынған уақытта ішімдікті еркін саудалаудың жолын тапты, деп жазды.  Әрине олар кешкі сағат 21:00-ден кейін ішімдікті саудалағанымен ешқандай заңды бұзбайды.

ішімдікккк

Оған дәлел мына жайт: дүкендер желісі жанынан  бөлек касса аппараты бар ішімдік саудалайтын бар ашып қойған. Әрине онда ішімдік еш шектеусіз сатылады. Әрі келген қонақтар сол жерде отырып ішуге міндеттелмейді. Өзімен бірге ала кетуге де толық құқықтары бар.

2014 жылдан бастап  кешкі сағат 21:00-ден кейін спирттік ішімдіктерді тек кафе,бар, мейрамханаларда ғана сатуға рұқсат етілген еді. Енді саудагерлер кез келген бұрыштан бар ашып, саудасын еркін жалғастыруды ойлап тапқан.

«Ең қызығы полиция дүкен иесін ешқандай да жауапкершіліккетарта алмайды. Себебі ол заңды бұзып отырған жоқ. Мұндай тәсіл кеңінен тарап жатыр. Енді кез-келген саудагер бар ашып  саудасын жүргізе береді. Депутаттар шикі заңға өзгерістер енгізуі керек деп ойлаймын»,-деп жазған блогер.

 

 

Талқылау