Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дзюдошылар тағы 4 медальға қол жеткізді

Ташкентте дзюдодан өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күнінде Қазақстан құрамасы тағы 4 медаль қанжығалады.

Безымянный

Сурет: www.express-k.kz 

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

Азиз Қалқаманұлы, Максим Раков пен Ержан Шыңкеев қоладан алқа тағынса, қыздар арасында 78 кг салмақтан жоғары дәрежеде Гүлжан Исанова күміске қол жеткізді. Айта кету керек, ертең командалық жарыстар өтеді. Екінші күннің қорытындысы бойынша ел құрамасы үшінші орында келе жатыр.

Бұған дейін Дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үш алтын медаль иеленгенін хабарлаған болатынбыз.

Талқылау